Баламен ойынды қалай түрлендіруге болады

Баламен ойынды қалай түрлендіруге болады

Caitlin Boyle

03.06.2014

Баланы тәрбиелеудің ең жағымды жақтарының бірі – балалық шаққа оралып, ойнап алу мүмкіндігі. Бұл жай ғана көңіл көтеру емес, сонымен қатар, бұл балаңыздың ой-өрісін дамыту.

Ойындар балаға моториканы дамытуға көмектеседі, тану дағдыларын ынталандырады және қоршаған ортаны жақсы тануға септігін тигізеді.

Балаңызға ойын әсерін қалай күшейтуге болатындығын көрсететін үш әдіс:

1. Оның қиялын ынталандырыңыз


Баланың қиялын мақтаңыз – ойыңыздан жаңа тамаша әлемдерді шығарыңыз. Жастық пен көрпелерден қамалдар тұрғызыңыз, микрофон ретінде тарақты қолданып, ән айтыңыз немесе бала ыдысынан оның жұмсақ ойыншықтарын тамақтандырыңыз – бұның барлығы қиял шарықтауының бір бөлігі.

Тағы бір әдіс – балаңызға ой сарабын талап ететін сұрақтарды қойыңыз. Мысалы: «Диванымыз қайық болып кетсе не болар еді?» немесе «Біздің ойыншықтарымызды қолдана отырып, қуыршақ спектаклін қойсақ қайтеді?». Бала өздігінен көптеген нәрсені ойынан шығара алатындығы Сізді таң қалдыруы мүмкін.

Тәртіпсіздікпен күресіңіз


Бала бөлмесінде көп ойыншықтардың жиналып қалуы – жақсы нәрсе емес. Ойнайтын жерде көптеген әр түрлі заттардың болуы баланы жаңылдырып, онда әбіржу сезімін тудыруы мүмкін.

Ойыншықтың бір бөлігін тығып қойыңыз да, «ескілерін» «жаңасына» ауыстырып отырып, балаңызға аптасына бір рет бірнеше данадан беріп тұрыңыз. Бірнеше күннен кейін пластик пианиносын көргенде қалай қуанатындығын көргенде таң қаласыз.

Бала өзі ойнасын


Сіз жақын маңда жүргенде баланың өздігінен ойнайтын ойындары үлкен артықшылыққа ие. Бұл оның толық қанды жетілгендігін сезінуге көмектеседі де, шығармашылыққа итермелейді.

Ойынның тақырыптарын таңдау мүмкіндігін балаңыздың өзіне беруді ұмытпаңыз. Аналар ойын ойнағанда басшылыққа өзі кетіп қалатын кездері болады, бірақ бала да өз бастамасын қолына ала алады. Өзімен өзі болуына мүмкіндік бергенде балаңыз не айтып жатқандығына өзіңіз де таң қаласыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.