Баламен ұзақ сапарды қалай жоспарлау керек

Баламен ұзақ сапарды қалай жоспарлау керек

03.06.2014

Баламен таза ауада серуендеу ешқашан ерте болмайды! Алдымен бесік арбамен қыдыра аласыз, ал кейін қоршаған ортаны оған көрсете отырып, балаға экскурсия жетекшісі бола аласыз!

Күн көзінде серуендеу – тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар, балаңыз үшін D дәрумені. (Бала тиісті түрде киінгендігіне көз жеткізіңіз – ұзын жеңді жеңіл жейде, жөргекте және ыстық кезде күн өтіп кетуден сақтайтын панама).

Кейбір саябақтарда қыдыруға арналған жолдар бар. Бірақ жақын маңда саябақ болмаса, шағын ауданыңыздың айналасында да қыдыруға болады.

Орманда қыдыруды жоспарлау үшін біздің кеңестерімізді ескеріңіз:

Алдын ала зерттеу


Таза ауада серуендеудің нәтижесін барынша арттыру үшін алдын ала зерттеулерді жүргізіңіз. Бесік арбамен өзіңіз жалғыз қыдыра алатындай ыңғайлы жол бағытын табыңыз. Саябақтың картасымен танысып шығуға болады – әдетте олар кіреберісте орналасқан.

Дала суық немесе өте ыстық болғанда алыс жаққа кетіп қалмаңыз – Сіз тек өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар бала үшін де жауаптысыз.

Қауіпсіздік негіздері


Күнді бұлттар тасаласа да, күннен
қорғайтын кремді қолданыңыз (егер баланың жасы сәйкес келсе). Сондай-ақ, құтыны өзіңізбен ала шығыңыз – ол Сізге әлі де жарап қалуы мүмкін.

Жайлы аяқ киім маңыздылығын біліңіз. Балаңыз жүретін жаста болатын болса, оған берік кросс бәтеңкесін немесе кедалар кигізіңіз, бірақ ашық аяқ киімінен аулақ болыңыз. Сізге арнайы аяқ киім үшін дүкенге жүгіру қажет емес – балаға кигізген бәтеңке дұрыс кигізілгендігіне және оған жайлы екендігіне көз жеткізсеңіз болғаны.

Сөмкеңізге су мен тіскебасарды көптеп салып алыңыз, өйткені алыс жаққа барып серуендеу көп күшті талап етеді.

Цивилизациядан өте алыс кетпеңіз – өйткені қолыңызда кішкентай бала бар емес пе, адамдар жүретін шекте жүргеніңіз абзал.

Сонымен қатар, қол астыңызда ең қажетті дәрі-дәрмектері бар дәріқұты болсын.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.