Балаға күнделікті дауыстап оқу неге маңызды

Балаға күнделікті дауыстап оқу неге маңызды

19.03.2014

Балаларға дауыстап оқу – ата-аналардың баланы мектепке дайындауының ең жақсы тәсілі.

Балаға оқу неліктен сондай маңызды? Оның бірнеше себебіне көз жүгіртейік.

• Алғашқы жылдардан бастап кітап тыңдап өскен балалар өз бетінше оқуды тез үйреніп кететіні анық.
• Балаға дауыстап оқу сөйлеу және танымдық дағдыларын дамытудың жақсы тәсілдері болып қана қоймай, ынтасын, білімқұмарлығын және есте сақтау қабілетін арттыруға себеп болады.
• Ерте жастан берілген сөйлеу дағдылары – оқи білу және мектепке дайындықтың нышаны – бірінші кезекте, тікелей сөйлесуге негізделген – ата-аналар мен басқа ересек адамдардың баламен сөйлесуінің нәтижесі.
• Зерттеулердің көрсетуі бойынша, ата-аналар 8 айлық баламен сөйлескенде қаншалықты көп сөз қолданса, 3 жасқа дейін оның сөз қоры соншалықты бай болатынын көрсетті.
• Кітаптарда балалардың ауызекі сөйлеуде кездестіре бермейтін сөздері көп. Балалар кітаптарында теледидардағы прайм-таймдарда немесе студенттердің әңгімесіндегі сөздерге қарағанда сирек сөздер 50%-ға артық.
• Кітапты қамқорлық пен ынта салып дауыстап оқу кезінде ата-аналар баланың бойында кітап пен оқуға деген оң көзқарасын қалыптастырады.
• Сонымен бірге, дауыстап оқу балаларды күйзелістен шығаруға көмектесетін жақсы амал да болып табылады.

Ол баланың болашағын жақсы жаққа өзгерте алады. Сондықтан, балаңызға күнделікті дауыстап оқуды, онымен сөйлесуді және оған ән айтуды әдетке айналдырыңыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.