Баланың кез-келген кезеңде бақытты болуына қажетті заттар

Баланың кез-келген кезеңде бақытты болуына қажетті заттар

03.06.2014

Ұлымыз туыларда күйеуім екеуміз балаға қажетті болар-ау дегеннің барлығын сатып алу үшін балалар тауарларының гипермаркетіне барып келдік.

Біз толқыған, аңыраған күйде болдық, бізде әлдебір күдіктер болды. Пәтерімізде балаға арналған керемет әткеншектер мен шезлонгтар қоятын бос орын бола ма екен? Емізіктің түрлері соншалықты көп болғаны қалай? Осы заттардың барлығы баламызға шынымен де қажет бола ма?

Кешірек білгеніміз, баламыз кейбір заттарға, мысалы, әйгілі бала көрпесіне немқұрайлы болды, ал басқа заттар оның қызығушылығын айтарлықтай көтерді.

Баланың алғашқы өмірінде баламызды да, жас ата-ана болған бізді де бақытты еткен әдеттегі бала заттарының тізімі міне:

0-ден 3 айға дейін


Емізік: Емізікті қолдануды қаламадым – өйткені бала жылап, 3 жасқа дейін әдеттегі емізікті талап ете ма деп қорықтым – педиатрымыз мазасыз баланы тыныштандырып, ұйықтап қалуға көмектесетін тамаша әдіс екендігін айтқанда келістім.

Американдық Педиатрия академиясының деректері бойынша емізіктер КБӨС қысқартуға септігін тигізе алады. Сондықтан бізде енді жөргектерге арналған сөмкеде және бала төсегінің жанында әрдайым бірнеше дана емізік болды.

Ойын ойнайтын кілемше: Енді баламыз дамудың келесі кезеңіне өткенде және үйде жүре (немесе, дұрысырақ айтсақ – жүгіре) бастағанда қонақ бөлмеде тек матаның шеңбер қиығында ғана отырған кезін еске түсіру қиын.

Алғашқы үш-төрт айында осы ойын ойнайтын кілемшенің иілгіш, жұмсақ доғаларының астында бар ынтасымен ойнаған, ішінде жатып, ашық түсті ойыншықтарды-салпыншақтарды тартты немесе етпетінен жатып, арқа бұлшық еттерін бекітті.

Бесік арба-автокресло: Балаларға арналған заттар әрдайым көптеген бекіткіштермен жабдықталған. Ұдайы әлдебір нәрселерді тартып, босатып отырасыз, байлап, қайта шешетін сияқтысыз. Балаңызды машинадан бесік арбаға және оны жайлы автокреслодан шығармай қайтадан көтеріп апаруға мүмкіндік беретін алынбалы-салынбалы автокреслосы бар трасформер бесік арбаны қолданасыз (сонда Сізге бала ұйықтап жатқанда оны ешқашан ояту қажет болмайды).

4-тен 6 айға дейін


Әткеншектер:
Алғашқы айларда ұлым осы нәрсеге немқұрайлы болды. Ол оның үстінде айналып жатқан мобильге назарын бейімдей алмады, ең төмен жылдамдыққа баптағанның өзінде айналу өте жылдам болды. Бірақ өсе келе, әткеншектері – айтарлықтай ұнамды орын екендігін түсінді. Тербететін қозғалыстары және әуені өз төсегінде ұйықтаудан бас тартқан кезінде оны тыныштандыруға, көңілін көтеріп, әлдилеуге көмектесті. Оған қоса, осы әткеншектер маған аз да болса, аса қымбат бос уақыт берді.

Ұстауға арналған ойыншықтар: Балаңыз саусақтары бар екендігін анықтағанда (бала дамуының ең елжіреткіш кезеңдерінің бірі!), шамамен 4-тен 7 айға дейінгі кезде ол алыстағы заттарды, мысалы, сырғаңызды ұстауға тырысқанда – Сізде бір ой туады.

Ұлым өз саусақтарымен ұстай алатындай үлкен тесіктері көп жеңіл допты қатты ұнататын. Ол сондай-ақ, тіс шыққанда тіс қажағышқа айналатын түрлі-түсті ілініспелі сақиналарды және иілгіш пластик сылдырмақтарды ұстауды ұнататын.

Еден үстілік кресло: Ұлымды тік отыруға көмектесетін осындай еден үстілік креслоға алғаш рет отырғызғанда, ол мәз-майрам болды. Бұл бала заты оған қатты ұнады. Кресло оған өзі үшін жаңа күйде ұсталынып отыруға көмектесті, ол сонымен қатар тамаша қоршаған ортаға жаңаша көзқараспен қарай алатын болды.

Бекітпелермен және алынбалы-салынбалы ойыншықтармен жабдықталған, сондай-ақ, тамақтандыру барысында арнайы тіреуіш үстел ретінде пайдалануға болатын бала креслосын қолданыңыз.

7-ден 12 айға дейін


Дамытушы тренажер: Балам жүруді үйренбес бұрын дамытушы кілемше оған бүкіл әлем кіндігі болып табылатын заттардың бірі болды. Оған тұру үшін тартылу және құлаққа жағымды сыртылдайтын және шапалақтайтын дыбыстарды шығаратын пернетақтаны, айнаны және басқа да ойыншықтарды білу ұнайтын.

Біздің тренажер үстел айналасында айналатын алынбалы-салынбалы кресломен жабдықталған. Балама айнала қозғала отырып, итерілу ұнайтын, бала бөлмеде қала отырып, оның аяқтары жұмыс істеп жатқандығына қуанатынмын.

Пүліш жануар-ойыншықтар: Баламның пүліш маймылы отбасымыздың бір мүшесіне айналды десе де болады – кейде ол бізбен бірге дастарханға отырып тамақтанады, түнге қарай бетінен сүйеміз және отбасымызбен демалуға шыққанда бізбен бірге саяхаттайды.

Дегенмен, пүліш ойыншықтарды және басқа заттарды баланың алғашқы өмір сүру кезеңінде бала төсегінде ұстамау маңызды (КБӨС қаупін азайту үшін). Біз маймылды тісті қалай тазалау қажет екендігін ойын түрінде көрсету үшін, «пикабу» ойыны үшін және баланың жөргегін ауыстырғанда тыныш жату үшін әрдайым қолданатынбыз. Маймыл – өте ыңғайлы, әрі тұрақты серіктес – басқаша айтқанда бала ойыншығы ретінде мінсіз зат.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.