Балалардың заттары: Жасына сәйкесетін заттар мен ойыншықтар

Балалардың заттары: Жасына сәйкесетін заттар мен ойыншықтар

Suzanne Dixon

19.03.2014

Нәрестелер көп орын алмайды, бірақ олардың заттары – ол бөлек әңгіме. Аналар үшін жарнамаға шығатын заттардың барлығын алудың қажеті жоқ. Дегенмен, кейбір аса қажетті нәрселерді алу керек. Төменде сәбиіңіздің бірінші жылына қажет болатын негізгі заттардың тізімі көрсетілген.

Туғаннан алты аптаға дейін


Жаңадан туған бала Сіздің мейіріміңізден, жылуыңыз бен сүтіңізден (немесе қоспа сүттен) басқа затты қажет етпейді. Бірақ, өміріңізді оңай ететін бірнеше зат бар.

Кереует


Кереует торы шыбықтарының арақашықтығы 6 см (2 3/8 дюйм) кем болмауға тиіс, оның үстіне барлық шыбықтар өз орнында және түгел болуға тиіс; матрас қатты және өлшеміне сәйкес болуы тиіс (шыбықтар мен оның арасына екі саусақ қана сыятындай болуы тиіс.

Бесік


Егер Сіз бесік алмақшы болсаңыз, оның бояуының қауіпсіз екендігіне, матрасы мен қаптамасының қатты екендігіне және тербейтін механизмінің берік және сенімді екендігіне көз жеткізіңіз. Бесіктің 3 айдан асқан балаларға сирек қолданылатынын ескеріңіз.

Қозғалмалы ойыншықтар


Кереуеттің бас жағында 25-30 (10-12 дюйм) см қашықтықта орналасқан болу тиіс. Бұндайда бала қолымен еркін алып алатындай ештеңе ілініп тұрмауы тиіс.

Автокресло


Федералдық заң барлық ата-аналарда, тіпті, нәрестелерді перзентханадан үйге апарар жолда да, оның болуын талап етеді. Алдымен жаңадан туған балалар мен сәбилерге арналған автокреслоны немесе сәбилер үшін пайдаланып, кейіннен жасы үлкенірек балаларға да жарайтындай етіп өзгертілетін автокреслоны сатып алуға болады.

Кенгуру


Кенгуруға бала кеудеңіздің тұсында тығыз бекітіліп орналастырылады да, жұмысыңызды істеп жүруге және баладан көз алмауға мүмкіндік береді. Баланың басы жақсы ұсталып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Бесікарба


Сізге баламен серуендеу қажет болады, ал ол өскен сайын бұл серуендер ұзарып, маңыздылығы да арта түседі. Мүмкін, Сізге бала жартылай шалқайып жата алатын немесе шамалы өскен кезде тікелей отыра алатын трансформер-бесікарбаны алған дұрыс болар. Бесікарбаны таңдаудың негізгі белгілері – түбі кең, құлыптық механизмі берік және нәрестені ұстауға арналған белдіктері болуы тиіс.

Қоспалармен тамақтандыруға арналған құтылар мен емізіктер


Жаңа туған нәрестелерді әдетте көлемі 120 г (4 унция) құтыдан, ал одан үлкен балаларды көлемі 240 г (8 унция) құтыдан тамақтандырады.

Балалар үшін шезлонг


Ата-аналар өз жұмыстарымен айналысып жатқан кезде баланы қауіпсіз отырғызып қоюға болатын балалар шезлонгісін көптеген отбасылар пайдаланады. Жұмсақ қаптамалары мен сырғуға қарсы ендірмелері бар берік модельдер жақсы.Сол мақсатта, бірақ керісінше емес, автокреслоны да пайдалануға болады. Шезлонгтар автокреслолар секілді қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз ете алмайды және балалар 4 айдан кейін оған сыймауы мүмкін.

Балалар әткеншегі


Кейбір ата-аналар балалардың желденіп кетуін басу үшін әткеншектің көмектесетіндігіне сенімді. Әткеншекті сатып алу кезінде оның беріктігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз, орнату кезінде қатаң түрде нұсқаулықты басшылыққа алыңыз. Кішкентай бала үшін орындығына жұмсақ бірдеңе қойыңыз. Балаларды әрдайым белдіктермен бекітіңіз.

Шомылдыру жабдықтары


Баланы кіндігі түскеннен кейін шомылдыра беруге болады. Сізге шағын пластмассалық ванна немесе леген және жұмсақ жабыны бар қауіпсіз жер қажет болады.

Градусник


Сандық градусникті пайдалану оңайырақ, бірақ олар қарапайым градусникке қарағанда қымбаттырақ тұрады. Нәрестеңізге үш ай толғанша құлаққа арналған градусникті пайдаланбағаныңыз жөн.

Құндақтауға арналған үстел


Ол терезелерден және радиаторлардан аулақ орналасқан болуы тиіс. Белдіктерді пайдаланыңыз және қажетті заттардың бәрі қол астында жатқанына көз жеткізіңіз.

3 айдан 6 айға дейінгі балалар


Үш айда сәбиіңіз басын ұстап, күлімдей алатын болады. Алты айында өзі отырып, аунай алатын болады. Балаңыздың сүйкімді болғаны соншалық, өзіңізді ұстай алмай, ойыншықтарды, кітаптар мен киімдерді қалай ала бергеніңізді білмей қаласыз. Бірақ бала бақытты болу үшін ең бастысы Сіздің махаббатыңыз бен қамқорлығыңыңыз керек екенін ұмытпаңыз.

Кереует


Матрас қатты болуы тиіс, тор шыбықтарының арақашықтығы 6 см (2 3/8 дюймнан) аспауы тиіс. Матрас жатқан күйдегі баланың арқасынан кеудесіне дейінгі аралықтан екі есе үлкен тереңдікте жату тиіс. Бала отырып үйренген кезде жіптер мен қозғалмалы ойыншықтарды алып тастаңыз.

Автокресло


Автокресло автомобиль қозғалысының жүрісіне қарсы етіп орнатылуы тиіс. Орнату кезінде нұсқаулықты пайдаланыңыз.

Балалар орындығы


Балаңыз қатты ас жеуге шамасы келген кезде (әдетті 4-6 айда), Сізге балаларға арналған орындық керек болады. Түбі кең және оңай жуылатын алынбалы-салынбалы подносы бар орындықты таңдаңыз. Сондай-ақ, үстелдің астына жинау оңай болу үшін пластик кілемді жаюға болады.

Егер Сіз үстелге бекітілген модельдерді таңдамақ болсаңыз, барлық бекітпелердің қатты бекітілгеніне және үстелдің салмақты көтере алатындығына көз жеткізіңіз.

Дәрілерге арналған мөлшерлегіш


Кез келген бала ерте ме, кеш пе тұмауды немесе басқа аурудың жеңіл түрін жұқтырады. Сізге дәрінің мөлшерін дәл өлшеу үшін арнайы қасық немесе шприц қажет болады.

6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар


Балаңыз тым жыбырлақ және білімқұмар болса, бұл қалыпты жағдай. Оның қоршаған әлемді тануға әуестігі мен құмарлығы сонщалықты, ерте әлі кеш пе, ол қандай да бір жағымсыз жағдайға ұшырауы мүмкін. Баланың қоршаған ортамен танысу мүмкіндігін шектемей, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үйде келесі нәрселерді ұстаған дұрыс:

Кішкене қақпалар мен қоршаулар


Баспалдақтар мен кейбір бөлмелер қабырғаға еден деңгейінде бекітілетін бекітпе есіктермен және қоршаулармен бекітілуі тиіс.

Кереует


Бала өскен сайын матрасты төмен түсіре беріңіз және борттың жоғарғы жағы оның иығынан төмен болмауы тиіс. Бала кереуетте тұрған кезде бамперлер мен үлкен ойыншықтарды алып қойыңыз.

Тасымалдағыш рюкзак


Тасымалдағыш рюкзак беретін бостандықтан Сіз де, балаңыз да үлкен рахат аласыз. Баланың рюкзактан түсіп қалмайтынына көз жеткізіңіз және Сіз көрмей тұрған заттарды қағып алатындығын ұмытпаңыз. Сақтандыру белдігі мен слинг міндетті түрде болуы тиіс, ал ауырлатылған белдік өсіп келе жатқан баланың салмағын еркін көтеруге мүмкіндік береді.

Аяқ киім


Бала өздігінен далаға шығып жүре алмайынша Сізге нағыз аяқ киім де қажет болмайды. Ал жүре бастаған кезде, Сіздерде өлшемі сәйкес келетін және оңай киіліп-шешілетін аяқ киім болуы шарт. Алғашқы аяқ киімнің жұмсақ болғаны абзал, себебі, әзірше баланың тобығын ұстаудың қажеті жоқ.

Балаларға арналған сынбайтын ыдыс


Керемет, бірақ ластағыш қатты тамақ әлеміне хош келдіңіз! Кішкентай қасықтарды, сынбайтын тәрелкелер мен аспаптарды пайдаланыңыз. Сонда өкінбейтін боласыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.