Баланы ұйықтату бойынша 3 кеңес

Баланы ұйықтату бойынша 3 кеңес

Rachel Morris

03.06.2014

Ұйқысы қанбай жүрген аналар үшін жақсы жаңалық: енді балаңыз бірнеше айға толғанда оның ұйқысы тұрақтырақ бола бастайды, енді екеуіңіздің де ұйқыларыңыз қанады.

Осы жастағы балаларға тәулігіне 14 сағат ұйықтау қажет. Көбінесе бала кем дегенде күндізгі уақытта екі-үш рет, ал түнде 7-8 сағат ұйықтайды. Ұйықтауға дайындау мүмкіндігінше қиындықсыз өту үшін әрдайым келесі ұсыныстарды есіңізде ұстаңыз:

1. Ұйықтауға дайындау шарасын белгілеңіз


Егер осыны әлі жасамаған болсаңыз, балаңызға тып-тыныш ұйқыны қамтамасыз ету үшін әр ретте тыныштандыратын шараны орындай бастаңыз. Ұйықтауға дайындық бір уақытта өткізіліп, шамадан тыс күрделі немесе ұзақ болмауы тиіс. Уақытпен тексерілген кейбір шаралар келесілерден тұрады: шомылдыру, бесік жырын айту, кітап оқу, тербелме-креслода бірге тербелу. Не таңдасаңыз да осыны күнде кешке бір тәртіпте жасаңыз, сонда сәбиіңіз тыныш ұйықтайды.

2. Тамақтандыру уақытын түзетіңіз


Төрт айлық баланы қоспамен тамақтандырғанда күніне төрт реттен және емізгенде күніне бес-алты реттен артық тамақтандырмау қажет. Енді баланы жиі тамақтандыру қажет болмағанда түнгі тамақтандыруды тоқтатудың кезі келді. Соңғы тамақтандыру тура ұйықтар алдына келетіндей кесте құрыңыз.

Бала түнде жылауын жалғастыра беруі мүмкін, бірақ бұл жаста Сіз оны тамақтандыру орнына дауысыңызбен тыныштандыра аласыз, мысалы, оған бесік жырын айтып беріңіз.

3. Балаңызды кенеттен өлу синдромынан қорғаңыз


Осы жаста КБӨС қаупі төмендейді, дегенмен, баланы қатаң түрде шалқасынан жатқызып, төсектен кез келген жұмсақ заттарды (жастықтарды, көрпені, жұмсақ ойыншықтарды) алып тастау маңызды.

Бірақ алты айлық кезінде көптеген балалар ішіне қарай аунауға үйренеді. Егер балаңыз түнде аунап кетсе, алаң болмаңыз: ол ұйықтап жатқанша оның жатысын ауыстыру қажет емес.

Сіз және балаңыз түнде жақсы ұйықтайсыз, бірақ ықылық тиіп қалуы мүмкін. Бала тыныш күйде ұйықтап жатса, келесі түн тыныш күйде өтуіне сенім артып, режимді сақтауды тоқтатпаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.