Емшектегі сәбидің ұйқысы: баланы қалайша дұрыс жатқызуға болады

Емшектегі сәбидің ұйқысы: баланы қалайша дұрыс жатқызуға болады

Rebecca Adler Warren

03.06.2014

Жаңа туылған балаңыздың ұйықтау кестесін анықтау мүмкін болмаса, бұл Cізде ғана болатын мәселе емес. Бала ұйқысы – былайша айтқанда, болжап болмайтын нәрсе! Әдетте жаңа туылған балалар тәулігіне бірнеше сағаттан үзіп, 16 немесе одан да көп сағат ұйықтайды. Бірақ үш айлық кезінде бала түнде бес сағаттан ұйықтай алады. Алты айға толғанда ол оянбастан көзін ашпай 9-дан 12 сағатқа дейінгі ұйықтай алады.

Ешбір бала кесте бойынша толық уақыт бойы ұйықтамайды! Тыныш ұйықтап, бағалы түнгі уақытты толығымен пайдалану үшін бала ұйқысын жақсарту бойынша осы қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз.

1. Баланың ішін пыстырмаңыз


Күндіз көбірек ойнаса, түнде ұйқысы қаттырақ болады. Жасына лайық, көше бойымен бесік арбада серуендеуі немесе біраз ішімен жату сияқты уақытты өткізу балаға кешке қатты ұйықтап кетуге көмектеседі. Жай бір себептің өзімен үйден шығу Сізге баланы ынталандыруға көмектеседі – және Сіздің психикалық денсаулығыңызды сақтайды!

2. Күндізгі және түнгі ұйқы


Балаңызды ерте жасынан бастап күнделікті тәуліктік ырғаққа үйретіңіз. Бұл күндізгі уақыт ойнауға, ал түнгі уақыт ұйықтауға арналғандығын түсінуге көмектеседі. Күндізгі уақытта баланы ұйықтата отырып, бала бөлмесіндегі пердені жарық түсетіндей шамалы ашып қойыңыз. Ұйықтап жатқан баланың жанында барынша тыныш жүру міндетті емес: оның ұйқысы – Сізге үйдің шаруасын бітіруге тамаша мүмкіндік береді.

3. Көңіл-күйді қалыптастырыңыз


Бала бөлмесіндегі тыныштық атмосфера елеуреген баланы ұйықысыраған балаға айналдыра алады, сондықтан бөлмеде қараңғылық пен жайлы температураны қамтамасыз етіңіз. Сондай-ақ, шамды өшірмес бұрын таза жөргек кигізу дұрыс болар.

4. Өз әдеттеріңізді қайта қарастырыңыз


Ауыр күннен кейін телешоу көріп демалуға қарсы емес шығарсыз, бірақ балаңыз тамақтанғаннан кейін тыныш және беймаза күйді қалайды. Ұйқыға кетудің босаңсу салтын қалыптастыра отырып, оған ыңғайлы күйге келуге көмектесіңіз.

Баланы шомылдырыңыз, кітап оқып беріңіз және үйдің тыныш бөлігінде оның жақсы көретін бесік жырын айтып беріңіз – осындай барлық әрекеттер кешкі салтқа өте жақсы келеді. Бастысы – күнде кешкі уақыттағы барлық әрекеттерді бір тәртіпте орындаңыз. Соңында шамның көзін азайтып, бала ұйықтамаған, әлі ұйқылы кезінде бесігіне жатқызыңыз – өздігінен ұйықтауға үйрене берсін. Баланы ұйықтау кестесіне үйрету үшін оны күнде кешке төсегіне бір уақытта жатқызу өте маңызды.

Әрине, тұмау, шығып келе жатқан тіс, түс көру және шуыл балаңыздың тыныштығын бұзуы мүмкін. Осы жайттарды ескермесек, біздің амалдарымыздың көмегімен балаңыз ұйқының қажетті мөлшеріне қол жеткізеді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.