Ұйықтауға дайындық: 1-3 жастағы балаға не оқып беруге болады?

Ұйықтауға дайындық: 1-3 жастағы балаға не оқып беруге болады?

Cheryl Lock

03.06.2014

Сарапшылар балаға кітап оқу – оның көңіл-күйін көтеріп, ой-өрісін дамытуды қамтамасыз ететін тамаша әдіс екендігіне келіседі. Ұйықтатудың күнделікті шарасына балалар кітабын оқуды енгізу – қай жақтан қарамасаң да пайдалы нәрсе. Біріншіден, оқу дағдысы балаға өмірде жетістікке жетуде көмектеседі деген дерекпен ешкім таласпайды.

Сондай-ақ, оқу баламен уақыт өткізудің, онымен араласудың және оның ой-өрісін дамытудың тамаша әдісі бола алады!

Әлемді сезіммен тануды енді-енді ғана қабылдай бастаған балалар үшін беттерінің бедері әр түрлі (қатты картон, түкті, тегіс, жұмсақ қағаз және т.б.) кітаптар керек болады. Ол балаға жаңа сенсорлық сезінуді қамтамасыз етудің тамаша әдісі. Баламен кітап оқудың барлық артықшылықтары осымен бітпейді.

1. Құштарлықты күшейту


Баланы құшақтаңыз немесе оған кітап оқып отырғанда қолынан ұстап тұрыңыз. Бұл жақындық пен дауысыңыздың дыбысы балаға кітап оқуды жағымды естеліктермен байланыстыруға көмектеседі, нәтижесінде кітап оқу ересек жасында да әдетке айналады.

2.Суреттерден туындайтын байланыс


Балаға кітаптағы заттарды танып білуге және оларды Сізге көрсетуге көмектесіңіз – бұл кітап оқу әдетін дамытуға және заттарды көзбен көріп тануға көмектеседі.

3. Даму дағдылары


Бірлесе отырып кітап оқу баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз етеді. Ерте кітап оқудың бес негізгі дағдысы бар: фонематикалық қабылдау, фонетика, сөздік қор, оқып отырғанды түсіну және жылдамдық. Егер күн сайын түнде ұйықтар алдында кітап оқып беретін болсаңыз, бала оларды әдеттегі нәрсе деп қабылдайды.

4. Тілдік дағдыны дамыту


Мектепке дейін кітаптарға және кітап оқуға қол жетімділік баланың тілдік дамуын жылдамдатуға көмектеседі, бұл да маңызды дағды болып табылады.

Ең кішкентай балаларға арналған бірнеше тамаша кітапты атайық:
• Жақсыгүл Қалжанова «Ана әлдиі»
• Мұзаффар Әлімбай «Біліп қой, балақай»
• С.Керімбай, Ә.Нәби, М.Төлеген
«Әлдиден эпосқа дейін. Отбасы хрестоматиясы»
• Байбота Қашым-Ноғай «Бауырсақ» орыс халық ертегісі
• Ертегілер жинағы «Жолы болмаған түлкі»
• Аруна баспасы «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
• Халық ертегісі «Алтын мүйізді киік»
• Г.Х.Андерсен «Ұсқынсыз балапан», аударған Сужикова А.У.
• Орыс халық ертегісі «Үйшік», аударған Орынбаева Ә.Б.
• Мұзаффар Әлімбай «Қоянның құлағы неге ұзын?» Балалар үшін өлеңдер, аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар
• Электронды қазақ үй - Тілді дамытып, рухты көтеретін заманауи тәрбие құралы: қазақ ертегілері, балалар әндері, күйлер, дәстүрлі әндер, терме-толғаулар, бесік жырлары, Абайдың қара сөздері.


Балаңызға ұйықтар алдында осы кітаптарды оқып беріңіз, бұл оның да, Сіздің де жағымды естелігіңізге айналады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.