Баланы түнге қалай киіндіру қажет

Баланы түнге қалай киіндіру қажет

Jennifer Kelly Geddes

03.06.2014

Температуралық режимді ұстап тұруға байланысты дилеммамен таныс шығарсыз: бөлмеде бала тұмауратып қалмайтындай жеткілікті түрде жылы, сонымен қатар, аса қызып кетпейтіндей салқын болуы тиіс.

Жаңа туылған кезеңнен кейін баланы киіндіру тұрғысында әмбебап ережелер жоқ болғасын (үш айға дейінгі балалардың көбі жаялықта болғанды ұнатады, ал кейбіреулері осы жаста қосымша киімді талап етеді), бірінші кезекте бөлме температурасын тексеріңіз. Егер Сізге қосымша киім қажет болатын болса, онда балаңызға да қажет болады деген сөз.

Балаңыз тоңып қалды деп есептейтін болсаңыз, онда аяқтарының саусақтарын ұстап көріңіз де, оған жылы пижама кигізіңіз немесе қосымша жаялықпен ораңыз. Бөлме жылы болса да, баланың аяқ-қолдары әрдайым суық па? Термостатқа асықпаңыз: үлкен балалар мен ересектерге қарағанда жаңа туылған балалардың қолдары мен аяқтары тез тоңып қалатындығын есіңізде ұстаңыз.

Егер бұндай жағдай бала ұйықтап жатқанда болатын болса, онда оған пижама-слипті кигізіңіз немесе ұйықтайтын қапқа жатқызыңыз (ол астыңғы жағынан тартылады да, жайлы пілләға айналады). Сондай-ақ, шұлық пен қолғапты да кигізуге болады.

Түнде баланы тез жылытып алу үшін тағы бірнеше кеңес береміз:

Көрпені қолданбаңыз. Балаңыз 12 айға келмейінше төсек орын жиынтығымен қоса келетін көрпе мен жабындыны алыс жерге қойып қойыңыз, өйткені оларды қолданумен тұншығу қаупі қатар жүреді.
Оның орнына баланы иық деңгейінен төмен бекітілетін арнайы конверт түріндегі көрпеге ораңыз.
Ақылмен ораңыз. Төсекте көрпені және артық киімді қолданбаңыз.
Асыра сілтеу жақсылыққа жеткізбейді. Шынына келсек, киімнің артық қабаттары баланың ұйықтап жатқанда қызып кетуіне алып келуі мүмкін. Жалпы ереже: төсекте жатқан баланың киімі Сізге қарағанда бір қабат артық болуы тиіс.
Баланың жылауына назар аударыңыз. Оның көңіл-күйі жоқ па? Ол тоңып қалуы немесе ыстықтап кетуі мүмкін, сондықтан бала мазасыз болғанда көңіл бөліңіз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.