Баланы түнгі қорқыныштан қалай арылтуға болады

Баланы түнгі қорқыныштан қалай арылтуға болады

Cheryl Lock

03.06.2014

Ата-ана ретінде Сіз балаңызды кез келген түнгі қолайсыздықтан қорғауға тырысатыныңыз қалыпты жағдай. Қорқынышты немесе жайсыз түстерге қарағанда түнгі қорқыныштың өзінің ережелері бар.

Жағдайдың көбінде балаңыз еш қиындықсыз ұйықтап қалады, бірақ бір-екі сағаттан соң шошынып оянады. Бұл жағдайда ол оянған және көңілсіз күйде болып көрінеді, ештеңеге көңіл бөлмейді.

Балада түнгі қорқыныштар туындағанда ең бастысы –оны мүмкіндігінше тыныштандыру болып табылады. Қорқынышы сейілмейінше, баланы тыныштандыру мүмкін емес. Қазіргі Сіздің ең басты міндетіңіз – жарық шамды қоспай, тыныш сыбырлап сөйлеу. Жанында екендігіңізді және оны ешкімге ренжітуге бермейтініңізді бірнеше рет қайталап айтыңыз.

Көп жағдайда түнгі қорқыныштар 10 минуттан 30 минутқа дейін созылады, одан кейін бала тынышталып, қайта ұйықтап кетеді, ал таңертең не болғанын ұмытып кетеді.

Есіңізде болсын, кейбір балаларда түнгі қорқыныштар тым шаршағаннан болады (барлық отбасына күндіз ұйықтау қажет екендігін дәлелдейтін тағы бір себеп!). Егер баламен ұйықтаудың белгілі бір салтын қалыптастырып алсаңыз да, бала түнгі қорқыныштардан оянатын болса, 30 минут ертерек жатқызуға тырысып көріңіз – бұл көмектесуі мүмкін.

Түнгі қорқыныштар қандай түрде болмаса да, алаң болмаңыз – өсе келе олар басылады. Жақын арада балаңыз тыныш, толыққанды ұйықтайтын болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.