Тәжірибе алмасу: Бірінші рет жалғыз өзі ұйықтайтын балаға не керек?

Тәжірибе алмасу: Бірінші рет жалғыз өзі ұйықтайтын балаға не керек?

03.06.2014

Перзентханадан шыққан соң бала ата-анасының жатын бөлмесінде қаншалықты ұзақ жата алады?
Бұл сұраққа жауап жоқ, өйткені бұл әрбір бала мен әрбір отбасының жеке мәселесі болып табылады.

Біздің отбасымызда қызымыз біздің бөлмеде үш апта жатты, одан кейін төсегін оның жеке бөлмесіне ауыстырып қою керек деген шешімге келдік.

Оның өміріндегі осы маңызды қадамға дайын болғандығымызды білдік. Ұйықтар алдында оны оятып алмас үшін оның жанынан аяқ ұшымен жүруді доғаратын кез келді. Дұрыс шешім қабылдағандығын білдік, дегенмен, оның бөлмесі біздің бөлмемізден бар жоғы бірнеше қадамда орналасса да, мен бәрібір оны сағынып, ылғи да ол үшін алаңдап жүрдім.

Толық тыныштықты сақтау үшін келесілерден тұратын арнайы жиынтықты жинадық:

Дыбысы бар бейнекүтуші: көптеген аналарға радиокүтуші де жеткілікті, бірақ балаң өз төсегінде қалай тыныш ұйықтап жатқандығын өз көзіңмен көргенде жаның тынышталады.

Ұйықтау қабы: ол баланы жылы ұстайды және төсегінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Баламыз жаялықты ешқашан ұнатпайтын және қолдарының бос жатқанын ұнататын.

Тамақтандыруға арналған кресло: қызымды жаныма ала алмағандықтан немесе түнде оны төсекке жатқыза алмағандықтан тамақтандыруға арналған арнайы креслоны сатып алдық, мен оны өз бөлмесінде креслода жайлы отырып, тамақтандыра алатынмын. Маған бұл ыңғайлы болды, өйткені оны тамақтандырғанда мен оны тербете алатынмын.

Осы мезет есімде жақсы сақталған. Қызымызды құртақандай ғана етіп көрсететін төсегіне жатқыздық та, бейнекүтушіні қосып қойдық. Күйеуім екеуміз төсекте жатқан баламызға қарап, ұзағынан отырдық. Баламызды қауіпсіздендіру үшін барлығын дұрыс жасағандығына сенімді болдым, дегенмен жас ана болғандықтан, мен бәрібір алаңдап жүрдім.

Тамақтандыруды талап етіп, қашан жылайды екен деп тағатсыздана күтіп жүрдім, себебі сонда оның жанында қайта бола аламын. Мен оның бөлмесіне ұрлана кіріп, құлағымды бетіне төсеп, оның демін тыңдап жүрдім.

Алғашқы түн сәтті өтіп, әрбір келесі түн сайын алаңдау сезімім азая бастады. Біз күйеуім екеуміз қалыпты өмір сүруге қайта орала бастадық және жас ата-ана болу қаншалықты жақсы екендігіне қуандық.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.