Балалар кереуетін ауыстыру кезінде нені білу керек

Балалар кереуетін ауыстыру кезінде нені білу керек

Rachel Morris

03.06.2014

Балаңыз 2 жасқа толған кезінде бала төсегіне ауысуға дайын болар. Бұл ол үшін тәуелсіздікке жету жолындағы үлкен қадамдардың бірі – ол болса керемет нәрсе!

Ол уақытта балаңыз өсіп қалып, аяқтарын оңай көтере алады және бесігінен сыртқа аттай алады, сондықтан орын ауыстыру оның дамуына, қауіпсіздігіне тек пайдасын тигізеді.

Бала төсегіне ауысу – маңызды қадам, және осының алдында бірқатар деректерді ескеру қажет. Аласа төсек дегеніміз балада ешқашан бұрын болмаған өз бөлмесіне және барлық үйге еркін қолжетімділікті беретінін есте ұстаңыз.

Әрине ол оның қызығушылығын арттырады!

Бала төсегіне көшпес бұрын қауіпсіздік шараларын қамдаңыз.

Ұйықтау кезіндегі қауіптердің алдын алыңыз


Ұйқысыраған (немесе тентек) бала түнде үй ішінде қараусыз жүретін болса, оқыс оқиғаға тап болуы мүмкін. Осындай ықтималды қауіптен аулақ болу үшін бала есігінің үстіңгі жағына қоңырау іліп қойыңыз – бөлмеден шыққысы келетін болса, Сіз оны еститін боласыз.

Барлық ойыншықтарды алып тастаңыз


Балаңыз оқыс оқиғаға душар болуы үшін бөлмесінен шығу міндетті емес – оның жеке кішкентай ғана кеңістігінде де көптеген жағымсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Баланы жатқызбас бұрын барлық тез сынатын заттарды немесе оңай қақалып қалуға болатын ұсақ ойыншықтарды алыс жерге алып қойыңыз.
Сондай-ақ, еденді де жылдам тексеріп алыңыз және түнде төсектен түскенде шалынып қалуға болатын кез келген заттарды да алып тастаңыз.

Төсекті дұрыс қойыңыз


Бесікке қарағанда бала төсегі анағұрлым төмен, дегенмен, мүмкіндігінше еденге төсек айналасына әлдебір жұмсақ затты – мысалы, шағын кілемшені төсеуге болады.
Жел соғудан және салбыраған баулардан немесе перделерден аулақ болу үшін төсекті терезеден алысырақ орналастырыңыз.

Барлық қауіпсіздік шараларын қолданған соң тойлауға да болады! Жаңа төсекке көшу – балаңыздың өміріндегі үлкен қадам, Сіз оны мақтан тұтатындығыңызды көрсеткеніңіз өте маңызды.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.