Күндізгі ұйқыға арналған 10 кеңес

Күндізгі ұйқыға арналған 10 кеңес

Jennifer Kelly Geddes

03.06.2014

Баласы түні бойы оянбай ұйықтай алған күнде жаңадан ана атанған әйелдің жеңілдену сезімінен артық ештеңе жоқ, бірақ өте белсенді балаларға күндізгі ұйқы да қажет, бұл оған көп күш береді (және де өзіңізге қажетті істеріңізбен айналыса аласыз!).

Осы он кеңес Сізге баланы күндізгі уақытта сәтті ұйықтатуға көмектеседі.

1. Қанша рет екенін біліңіз


Баланың жасына қарай, оған күніне ең құрымағанда екі рет (таңертең және түстен кейін), мүмкін, кеш жаңа түсе бастаған уақытта үшінші рет те ұйықтау қажет болады.

2. Жүйелі болыңыз


Күнделікті ұйықтау режимін ұстану маңызды – бұл баланың әдетіне жылдам айналады. Өз істеріңізді және үйден тыс басқа шығыстарыңызды мұқият жоспарлаңыз, бұл балаңыздың ұйықтау кестесін бұзбайды.

4. Күтпеңіз


Баланы ұйқышылдықтың алғашқы белгілерін көрсеткенде, бірақ әлі ұйықтамай тұрғанда бесігіне жатқызыңыз – қатты шаршаған баланы ұйықтату қиын болады.

5. Қауіпсіздік бірінші орында


Егер бөпеңіз қолыңызда ұйықтап қалса, оны бесігіне жатқызыңыз, ал баланың кенеттен өлу синдромының (БКӨС) қаупін төмендету үшін оны міндетті түрде шалқасынан жатқызыңыз.

6. Жағдай жасаңыз


Бала ұйқысына өте қатаң түрде қараңыз, ұзақ сөйлесу мен еркелетуден аулақ болыңыз. Жай ғана құшақтап, қысқа бесік жырын айтып беріңіз – бала ұйықтайтын кез келгендігін түсінуі үшін керегі осы.

7. Берілмеңіз


Кейбір балаларға ыңғайлы жайғасып, ұйықтау үшін бірнеше минут жеткілікті, дегенмен, бала өзінің бөлмесінде Сіздің қатысуыңызсыз ұйықтап қалуына мүмкіндік беріңіз. Егер оған жиі немесе тым ерте кіретін болсаңыз, бала ұйқы – ойын деп түсінуі мүмкін.

8. Араласпаңыз


Әрбір шиқылдағанына және ыңырсығанына жүгіретін болсаңыз, бұл баланың ұйықтап кетуіне кедергі болады. Бала қауіпті жағдайға душар болған немесе өзін қолайсыз сезінгенін түсінгенде ғана тексеріңіз.

9. Көбірек жарық


Балалар күн мен түнді жиі ауыстырады. Балаға күндізгі ұйқыны түнгі ұйқымен шатастырмауға көмектесу үшін пердені бөлме жарық болатындай ашық күйінде қалдырыңыз.

10. Кестеңізді өзгертіңіз


Күндізгі ұйқыдан балаңыз түнде нашар ұйықтайды деп ойласаңыз, күндізгі ұйқы ұзақтығын азайтыңыз (мысалы, баланы ертерек оятыңыз) немесе одан мүлдем бас тартыңыз.

Көп жағдайда балалар ұйықтағысы келмейді, бірақ берілмеңіз және күндізгі ұйқы балаңыздың дамуы үшін маңызды екендігін есіңізде ұстаңыз. Күндізгі ұйқы балаңызды сергітіп, ойын ойнауға және оқу үшін қажетті күш береді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.