Баланы ұйықтату бойынша 5 кеңес

Баланы ұйықтату бойынша 5 кеңес

Cheryl Lock

03.06.2014

Балаңыз жаңа туған болса, шамалы ұйқы қанбау қалыпты жағдай, бірақ, ұйықтауға дайындалудың дұрыс реті Сізге және балаңызға қажетті ұйқыны қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сәбилердің көбінде тұрақты ұйқы алты айға келгенде ғана тұрақталады, бұл жағдайда жаңа туылған бала бір ретте 1-2 сағаттан, жиынтықта тәулігіне 16-17 сағат ұйықтау қажет.

Ұйықтау кестесі балаңызға дұрыс кестені қалыптастыруға көмектеседі. Балаңызға қолайлы кестені құру үшін осы кеңеске жүгініңіз.

1. Дұрыс жайғастырудан бастаңыз


Сыртқы тітіркендіргіштерге толы бөлмеде ешкім, әсіресе, жаңа туылған бала ұйықтай алмайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ұйықтар алдында дұрыс күйге түсу үшін төсектен барлық жұмсақ ойыншықтарды алып тастаңыз. Төсек жарық, шуыл немесе жел кіретін терезе мен есіктердің жанында орналаспауы тиіс.

2. Уақытты дұрыс таңдаңыз


Ең жақсысы – баланы төсегіне ұйқысыраған, бірақ әлі ояу кезінде жатқызу қажет. Егер баланы ұйықтамайынша қолда ұстап тұрсаңыз немесе оны тербетіп тұрсаңыз, онда түнде оянғанда оған осы әрекеттерсіз қайтадан ұйықтау қиын болады.

Егер бала өздігінен ұйықтай алмайтын болса, бөлмеге кіргенде оны шамадан тыс қоздырмауға тырысыңыз. Оянғанда ұйқылы болып қалуы тиіс, сонда ғана ол қайта ұйықтай алады.

3. Баланы ұйықтауға дайындаңыз


Жөргекті ауыстырыңыз. Баланы тамақтандырыңыз.

Бала жылаумен ол құрғақ еместігін немесе аш екендігін білдіреді, сондықтан қайта ұйықтатар алдында оны тамақтандырып, жөргегін ауыстыру маңызды (олай болмаған жағдайда ол ұзақ ұйықтамайды).

4. Жүйелі болыңыз


Бұл ұйықтауға дайындалу мағынасын жақсы түсінетін бөбек жасындағы балалар үшін әсіресе маңызды. Жүйелі кесте жаңадан туылған балаға дұрыс режимді орнатуға көмектесе алады және тұрақты, салауатты ұйқыны қамтамасыз етеді. Жеке денсаулықты және күшті ұстап тұру үшін баламен бірге жатып, демалуға талпынып көріңіз. Бұл жағдайда ұйықтау міндетті емес.

5. Қоздырғыш заттардың барынша аз болуы


Жаңадан туылған балаға ұйқы мен ойынның кестесін құру маңызды. Яғни, кешкі уақытта ойнату ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.

Баламен кешке емес, күндіз ойнауға тырысыңыз, өйткені бұл күндіз де, түнде де ұйықтау уақытын ұлғайтуға көмектеседі.
Не жасамасаңыз да, сабырлы болыңыз. Жас ана болу – өміріңіздегі ең керемет кезең, дегенмен, күйзеліссіз, әсіресе ұйқы қанбаусыз болмайды. Балаңыз үшін ұйықтауға дайындалу ретін қалыптастырыңыз, бірнеше аптадан кейін оның және өзіңіздің ұйқыңыз тұрақты болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.