Жүктіліктің әр триместрінде сау ұйқыны қалай қамтамасыз етуге болады

Жүктіліктің әр триместрінде сау ұйқыны қалай қамтамасыз етуге болады

Rachel Morris

03.06.2014

Жүктіліктің күтпеген тосын сыйлары көп, бірақ солардың ішіндегі ең жағымсызы – бұл ұйқыңыздың бұзылуы. Жүктілік – ауыр еңбек, ал ұйқы ең қажет кезде неге «жүзге дейін санап» жатасыз?

Алаң болмаңыз, бұл Сіздің ғана мәселеңіз емес.

Көптеген болашақ аналардың жүктілік кезінде ұйықтауы оңай емес – және тез-ақ оянып кетеді – бұл жүктілікке байланысты гормоналдық өзгерістер мен дене қолайсыздығынан болады. Бұл жағымсыз жайт болғанымен, сарапшылар бұл жағдайдың жарасы жеңіл деп санайды және бала денсаулығы Сіздің денсаулығыңызға байланысты болғандықтан, Сіз ұйықтаған сайын, соғұрлым жақсы болады!

Төменде аса қажетті ұйқыны қалыптастыруға көмектесетін әрбір триместр бойынша кеңестер келтірілген.

Алғашқы триместрде қалай ұйықтау қажет


Жүктіліктің алғашқы бірнеше айларында түнде дәретке жиі баратындығыңызды байқайтын шығарсыз. Бұл қалыпты, бірақ, дәретханаға жиі тұрмас үшін кешкі уақытта сұйықтықты аз мөлшерде ішіңіз. Оның орнына суды күні бойы көбірек ішіңіз.

Күйзелу де ұйқыны азайтуы мүмкін, сондықтан жүктілікке байланысты әлдебір жайт мазалайтын болса, төсектің жанында күнделік ұстап, ұйықтар алдында Сіздің мазаңызды алатын мәселелерді жазып алып көріңіз. Жазып қоюдың өзі күйзелісті бәсеңдетіп, ұйықтап қалуға мүмкіндік береді.

Екінші триместрде қалай ұйықтау қажет


Екінші триместрде көптеген болашақ аналардың ұйқысы жақсара түседі, ал дәрет сындыру қажеттілігі бәсеңдейді. Бірақ, дене пішімінің өзгеруі ұйқымен байланысты мәселелердің туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Балаңыз өсе келе ұйықтау үшін ең қолайлы күй тізеңізді бүгіп, бүйіріңізбен жату болып табылатындығын байқайсыз. Дегенмен, алдын-ала төселген жастықтар бүйіріңізде жатуға көмектессе де, түн ортасында шалқаңызға аударылып кетсеңіз, алаң болмаңыз – бұл Сіз бақылай алмайтын жүктілік элементтерінің бірі болып табылады.

Үшінші триместрде қалай ұйықтау қажет


Жүктіліктің соңғы үш айында жиі дәрет сындыру, әдетте, қайта оралады – онымен қоса қыжыл, аяқтың тартылуы және үлкейіп бара жатқан іштің жайсыздығы. Денені ұйықтауға дайындау үшін төсекке жатпас бұрын әлде бір босаңсытатын нәрсемен айналысыңыз – мысалы, 15 минут ваннаға түсіңіз.

Ұйықтауға дайындалуды жүйелі шараға айналдырсаңыз, денеңізге түні бойы қатты ұйықтауға көмектеседі. Үйіңізді баланың туылуына дайындай отырып, кешке дейін жүре бергіңіз келетін шығар, бірақ есіңізде болсын – ең бастысы – Сіздің жағдайыңыз. Бала бөлмесін безендіру ертеңе дейін күте тұрады!

Ұйықтауға әкелетін шараны таптыңыз ба?
Соны ұстаныңыз. Жүктілік кезінде әзірше ұйқыны жақсылап қандырып алуға болады; бала туылғанда бұл оңайға түспейді. Сондықтан, ұйқыны қазірден бастап қандырып алыңыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.