1. құпиялылық саясатының
Alternative text

Құпия ақпаратты пайдалану тәртібі туралы P&G хабарламасы

Қолданылу саласы

P&G клиенттерінің жеке ақпаратының халықаралық құпиялылық саясаты Procter & Gamble компаниясы мен оның үлестес және еншілес компаниялары (әрі қарай бірлескен түрде  «P&G» деп аталады) жинайтын және пайдаланатын клиенттердің жеке ақпаратына тарайды.

Халықаралық құпиялылық саясатының толық мәтінімен танысып шығу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз.

 P&G компаниясы жинайтын деректер

Толығырақ ақпарат алу үшін мұнда түртіңіз

  • Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды әр-түрлі көздерден жинаймыз:
  • тікелей Сізден;
  • Сіз бізге қоңырау шалған кезде, біздің сайттарымызға кірген кезіңізде, біздің мобилді қосымшаларымызды немесе сервистерімізді пайдаланған кезіңізде немесе Интернетте біздің хабарландыруларымызды қараған кезіңізде;
  • коммерциялық тұрғыда қолжетімділерін қоса есептегенде, басқа көздерден.
  • P&G жинайтын Сіздің жеке ақпаратыңыз біздің Сізбен тілдесуімізді жақсарту үшін және жоғары сападағы өнімдер мен қызметтерді жетілдіру үшін біріктірілуі/қиыстырылуы мүмкін.

Ақпаратты қолдану және алмасу

Толығырақ ақпарат алу үшін

мұнда түртіңіз

  • P&G ақпаратты бизнес жүргізу мақсатында жинайды, соның ішінде:
  • Сіз сұратқан өнімдер мен қызметтерді ұсыну;
  • P&G өнімдері мен қызметтері туралы, сондай-ақ біздің мұқият іріктелген іскерлік әріптестеріміздің өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат беру;
  • Біздің веб-сайттарымыз бен сервистерімізді басқару;
  • Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды P&G компаниясына қатысы жоқ нарық қатысушыларына сатпаймыз.
  • Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды келесілерге беруіміз мүмкін:
  • жарнамалық алмасу немесе бірлескен бағдарламаларды жүргізу мақсатында өзіміздің мұқият іріктелген іскерлік әріптестерімізге, бірақ тек Сіздің келісіміңізбен;
  • P&G атынан әр-түрлі іскерлік операцияларды орындау үшін өзіміздің басқа тараптағы жеткізіп берушілерімізге;
  • Сіз үшін қызықты болуы мүмкін ақпаратты Сізге бірлескен түрде жіберу мақсатында P&G компаниясының атынан және біздің іскерлік әріптестеріміздің атынан жұмыс жасайтын қызмет көрсетуші үшінші тұлғаларға;
  • P&G брендін басқа компанияға сату шеңберінде;
  • P&G компаниясының құқықтары мен меншігін қорғау және күзету мақсатында (соның ішінде, біздің Шарттарымыздың орындалуын қоса есептегенде).
  • заңнамамен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша.
  • Егер Сіз бізге өзіңіздің жеке ақпаратыңызды ұсынуды қаламайтын болсаңыз, Сіз сұратқан өнімдер мен қызметтер туралы немесе P&G компаниясының басқа өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты Сізге хабарлай алмауымыз мүмкін.

  Сіздің құқықтарыңыз бен мүмкіншіліктеріңіз

Толығырақ ақпарат алу үшін

мұнда түртіңіз

  • Сіз хабарламалардағы нұсқаулықтарды орындай отырып немесе Құпия ақпаратты пайдалану туралы осы хабарламаның көмегімен, электрондық және қарапайым пошта арқылы жүзеге асырылатын P&G компаниясының жарнамалық таратылымынан бас тарта аласыз. Мына сілтеме арқылы өтіп, өз еліңізді таңдаңыз да, таратылымнан бас тарту тәртібімен танысып шығыңыз.
  • Мына сілтеме арқылы өтіп, өз еліңізді таңдаңыз да, P&G компаниясына берген Сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізуді алу тәртібімен және осындай ақпаратты жаңату тәртібімен танысып шығыңыз.

  Маңызды ақпарат

  • P&G компаниясы жеке ақпараттың құпиялылығымен байланысты кез-келген сұрақтар мен мәселелерді реттеу мақсатында деректердің қорғалуына жауап беретін билік органдарымен және клиенттермен ынтымақтасуға міндеттенеді.
  • P&G компаниясы клиенттің елінде жеке ақпаратты қорғауға қатысты қолданылатын заңнамалық нормаларды сақтайды.
  • P&G АҚШ және ЕО «Қауіпсіз айлақ» Тұжырымдамасы бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады
  • P&G АҚШ Бизнесті әділ жүргізу мәселелері жөніндегі бюро кеңесімен аккредиттелген бизнес-бағдарламаға және ЕО Әділ бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі бюро кеңесінің дауларды реттеу рәсіміне қатысады.

Бөтен сайттар мен әлеуметтік желілерге сілтемелер

Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз

  • P&G веб-сайттарында бөтен веб-сайттарға жасалған сілтемелер болуы мүмкін. P&G мұндай бөтен веб-сайттарды бақыламайды, және біз Сізге өзіңіз кіретін осындай әрбір веб-сайттың құпиялылық саясатымен танысып шығуға кеңес береміз.
  • P&G сайттарында бөтен сайттардың «плагиндері» (мысалы, Facebook-ке арналған «Ұнайды» пернесі) болуы мүмкін немесе бөтен есеп жазбасы арқылы тіркелуді ұсынуы мүмкін (мысалы, Facebook-тегі есеп жазбасы арқылы тіркелу). Бөтен плагиндер және тіркеу функциясы, соның ішінде олардың жүктелуі, жұмыс атқаруы және пайдаланылуы – осындай құралдарды ұсынған тараптың шарттарымен және құпиялылық саясатымен реттеледі.

Бізбен қалай байланысуға болады

  • Мұнда түртіңіз (және өз еліңіздегі өкілдіктің электрондық және пошталық мекен-жайын табыңыз).
Жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын қарау үшін мұнда түртіңіз.