Баланы жұбату туралы 3 кеңес

Баланы жұбату туралы 3 кеңес

Jennifer Kelly Geddes

21.05.2014

Сулы жөргектер, іштің кебуі, қарын ашу – бұның бәрі жүз пайыз баланың жылауының алып келеді.

Кез-келген ана баланың жасына қарамастан оның жылағанын көреді және оны жұбатудың бірнеше тәсілін білуге тиіс. Мазасызданып кеткен балаңызды қалайша тыныштандыруға болатындығын біліп алыңыз.

1. Мәселе жөргекте болмаса


Балаңыздың жөргегі таза, ол кекіріп ауа шығарып, өзі тоқ болса, онда оның айналасына назар аударыңыз.

Кейбір балалар жан-жағы шулап кеткен кезде жылайды, мысалы, көп адамдардан, ойыншықтардан немесе қатты дыбыстардан қорқады.

Бала жылап жатса оны қолыңызға алып, шамалы уақытқа тыныш жерге алып кетіңіз. Жұбататын жылы сөздер немесе жәй дауыспен айтылатын бесік жыры баланың тынышталуына себеп болады.

Сондай-ақ, оны тыныштандырып, шамалы ұйықтату үшін емізік беріп көруге болады.

2. Қанағаттанбаушылық


Сәбиіңіз белгілі бір эмоцияларды білдіре білетіндей кішкене өсіп қалса да, өзінің қажеттіліктерін білдіруге қиналуы мүмкін.

1-3 жастағы балалар сол үшін қатты қиналады, сондықтан баланы жұбату үшін назарын бұрып алу ең жақсы тәсіл. Балаға жаңа ойыншықты немесе жейтін бірдеңе беріп көріңіз және жағдайды өзгерту үшін басқа бөлмеге алып кетіңіз.

Сәби қатты мазасыз болған кезде оған "Ұйықтайтын уақыт болды" немесе "Ойын бітті" деген қысқа сөздер көмектеседі. Қарапайым сөздерді пайдаланыңыз (себептерін түсіндіре отырып айтылатын ұзақ әңгімелерді бала ұқпауы мүмкін) және баланы құшақтап, сүюді ұмытпаңыз.

Бала тоқтай алмаса


Ұйықтайтын уақыт болған кезде, өз жастағылармен ойын аяқталғанда немесе жаңа ойыншықты алғысы келгенде бала тоқтаусыз жылауы мүмкін.

Баланың аш екенін немесе құшағыңызды сағынып отырғанын анықтап, жағдайды бірнеше сөзбен түсіндіріңіз. Егер бұл көмектеспесе, баланы шамалы уақыт елеусіз қалдырып көруге болады.

Тыныштықты сақтап, одан да қатты айқайлауға тырыспаңыз. Егер ештеңе өзгермей жатса, жағдайды өзгертіп көруге тырысыңыз.

Баланың жасы нешеде болса да, оның көз жасына қарап отыру қиын. Егер Сіз оның кезекті жылауын көтере алмай жатсаңыз, біреуді көмекке шақырыңыз. Жолдасыңыз, анаңыз немесе досыңыз баланы жұбатуға көмекші болуы мүмкін.

Есіңізде сақтаңыз: кешегі жылағанын бала бүгін есіне де түсірмейді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: