Баланы көрсетуді қалай ұйымдастырамыз

Баланы көрсетуді қалай ұйымдастырамыз

Katie Murray

Үйде жаңа туған бала пайда болған кезде және абыржып-толғанудың алғашқы сәттері өткен соң, нәрестені туысқандар мен дос-жарандарыңызға қалай көрсетуге болатыны туралы мәселе туындайды. Бір жағынан, құттықтаулар мен тілектер қабылдау – өте жақсы нәрсе, ал басқа жағынан алатын болсақ – жас ананың онсыз да шаруасы көп.

Бірақ одан да шығатын бір жол бар – сәбимен таныстықты барынша тез және оңай өткізу. Келушілерді бутербордтармен, жеміс-жидектермен және жеңіл-желпі тағамдармен сыйлап, дастарханның жеңіл түрін жасаңыз және біреу аш қалды деп уайымдамаңыз. Себебі, бұл қалай болғанда да, жақсы кездесу болып саналады. Мүмкін болса, біреуді көмекке шақырыңыз.
Келген қонақтар сәбиге және оның ата-анасына арнап тілек жазатындай қонақ кітабын дайындап қойыңыз. Жазылған тілектерге сосын суреттерін жабыстыру үшін барлық қонақтарды суретке түсіріп алса да болады. Бірнеше жыл өткен соң бұның бәрін оқу қызық болады. Қонақтардың міндетті түрде қол жууын бақылап, ешқайсысы ауырып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Ол жайында сұраудан ұялмаңыз, қажеті болса келмеуін өтініңіз. Сәбиіңіздің денсаулығы қазіргі уақытта ең маңызды мәселе. Кездесу қатты ұзарып бара жатса, қонақтарға баланың ұйықтау керектігі жайында білдіріңіз. Сіздің қазіргі жағдайыңыз қонақтың көңілін көтеріп, оларға әсер қалдыратындай емес. Келген адамдар жағдайды бірден түсініп, мазаңызды алмайтын болады. Баланы көру күнін белгілегенде тек жеке қалауыңызға қараңыз, біреудің алдында міндеттімін деп ойламаңыз. Алдымен, сәбимен қарым-қатынасты түзеп, содан соң өзіңіздің жаңа өмірге бейімдеңіз. Тек өзіңіздің кішкентай әлеміңізге басқа адамдарды жіберуге болатынына сенімді болсаңыз ғана, тыныш әрі жайбарақат мейрам жасаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: