Сабынды көбіктер

Сабынды көбіктер

03.06.2014

  • Орын:

    Үйде және көшеде

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен іс-шаралар

  • Сізге не қажет

    1/8 Ыдыс жууға арналған сұйықтық, су 4,5 литр, 1/2 қасық глицерин

Қалай ойнау керек

Нәрестелер мен сәбилер: сәбиіңіз Сіздің қарсы алдыңызда балалар орындығында немесе Сіздің тізеңізде отырған кезде көпіршік үрлеңіз. (Көпіршіктер баланың бетіне тимейтініне көз жеткізіңіз) Көңіл күйді көтеріңкі ұстау үшін музыка қоюға болады. Сабынды су құйылған шишаны жөргек салған сөмкеге салып алыңыз, сонда бір жерде күтіп отырғанда немесе машинамен жол жүргенде сәбиді ойнатуға болады. Бөбек жасындағы және мектеп жасына дейінгі балалар: балаңызға көпіршікті қолмен немесе аяқпен басып қалай жаруға болатындығын көрсетіңіз. Көпіршікті үйде (асүйде еден жуар алдында болғаны жақсы), шомылу кезінде немесе көшеде (әсіресе, желді күні) үрлеңіз. Балаңыз өз бетімен көпіршік үрлеп көрсін, оның қаншалықты алыс ұшатынын көрсін. Аязды күнде мұзды көбіктерді үрлеп көруге болады! Ақырын араластыра отырып, сабынды көпіршіктерді үрлеу үшін сұйықтық жасаңыз. Қаламға немесе таяқшаға сыртынан орап отырып, құбыр тазалайтын қылсаптың сақинасын бекітіп, көпіршік үрлегішті қолдан істеп алуға болады.

Үйрену және өсу

Бұл ойын кез-келген жастағы балаларға жарай береді. Сәбилер көпіршіктерді көзбен бақылап отырып тамашалайды және қолдарын тигізгісі келуі мүмкін. Бөбек жасындағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалар көбікті қолдарымен ұстап алып, аяқтарымен жарып ойнауы мүмкін, сондай-ақ өздері де үрлей алады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: