Баланың дамуын қалайша көтермелеуге болады

Баланың дамуын қалайша көтермелеуге болады

Aviva Patz

03.06.2014

Егер балаларды шамалы қолдаса денсаулығы жақсы балалар жылдамырақ дамиды.
Баланы тек жыпылықтайтын, даңғырлайтын және шиқылдайтын күрделі ойыншықтардың көмегімен ынталандырып қана қоймау керек. Керісінше, ол Сізбен араласа, ойнай отырып, әр түрлі түстерді, дыбыстарды және қоршаған заттардың фактурасын тани отырып, дамиды.

Бұл Сізге жеткіліксіз деп көрінуі мүмкін. Бірақ балаңыз бірнеше процестерді қатарынан орындай алмайды. Өзіңіз бір уақытта смс жазуға, тамақ жасауға, музыка тыңдауға және сағыз шайнауға қабілетті болсаңыз да, балаңыз нан салғышқа немесе ашық түсті шұлыққа қарауға ғана әуестене алады.

Шамадан тыс ақпарат және әрекет баланы шошытып жіберуі мүмкін. Бала ересек адамның курорттық маусым кезінде лық толы сауда орталығына түскендей, өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Сіздің міндетіңіз – баланың дамуын ынталандыруда теңгерім табу.

Балаға жақсылап көмектесу үшін бірнеше кеңес:

Уақытты бірге өткізу
Балаңыздың жақсы көретін ісі – бұл уақытын Сізбен өткізу. Күніңіз қалай өткендігі, ауа-райы жөнінде немесе ойыңызда не болып жатқандығы жөнінде сөйлесіп көріңіз. Ән айтыңыз, бет-ауызды тыжырайтыңыз, кітапты дауыстап оқыңыз немесе серуендеп келіңіз. Балаңыз даусыңыздың дыбысына, бет әлпетіңізге ден қойып, сөйлеген сөзіңізді және қол ұстағаныңызды қадағалайды – әрбір қимыл-әрекетіңізді аңдиды.

Өздігінен ойнайтын ойындар
Сізге ұдайы баланың жанында жүруге міндетті емес. Өзімен өзі ойнауға мүмкіндік беріп тұру балаға пайдалы. Бұл оған ойыншықтарды өзінің ырғағында танып білуге, қоршаған ортаны және өзін-өзі білуге мүмкіндік береді.

Ойыншықтарды ауыстыру
Сізде көптеген ойыншықтар болуы мүмкін, бірақ оның барлығын баланың алдына жайып тастау қажет емес – оның бір бөлігін тығып қойып, бірден бірнешеуін ғана беріп тұру қажет. Ол балаға өзін кішкентай әлемінің иесі ретінде сезініп, әлем тану дағдыларын дамытады.

Үйде ойын ойнайтын арнайы жер бөліп беріңіз – мысалы, асүйдегі кішкентай шкафтың біреуін арнаңыз. Оған азық-түлік салатын бос контейнерлерді, ескі кастрөлдерді және табаларды қойып беріңіз. Басқа қалған шкафтарда ілмектер орнатылуы тиіс.

Ыдыс жуатын машинаға тәрелкелерді салып жатқанда балаңыз Сізбен жарыса өзінің шаруасымен – өз ыдысының орнын ауыстыру, тоқылдатып, салдырлату сияқты істермен айналысып жатады. Дамудың осындай ынталандырғыш түрі балаға ең қажетті іс болмақ.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: