Өз нәрестемнен үйренген 10 жағдай

Өз нәрестемнен үйренген 10 жағдай

1. Диета — дұрыс таңдау

Бас кезінде нәресте тек қатаң диетаны ұстанады. Себебі ана сүті ол үшін — бірнеше ай бойына қабылдайтын құнарлы зат болып табылады, онда қажетті заттар мен дәрумендер болуға тиіс болады. Міне сондықтан да анасы дұрыс тамақтанып, өзін зиянды заттардан алшақ ұстауға тиіс болады. Осылайша тәттіне жеуді доғару керек болады. Тәтті кәмпиттердің орнына бір ғана тәтті сәбіз жесеңіз жеткілікті  — нәрестеге де сізге де пайдалы. Аокоголь жайлы тіпті ұмытыңыз! Енді сіз анасыз — өз балаңыздың денсаулығын қорғаушысыз.

2. Әрқайсысы жеке-дара, алайда бәрі де ұқсас

Сіз бәлкім құрбыларыңыздан естіген боларсыз: «Біз енді еңбектеп жүрміз» немесе «Ол бізде соншалықты әнші, бар болғаны жарты жыл ғана ғой!» Ал сіздің нәрестеңіз әлі сөйлемейді — тек былдырлап, ыңылдағаны болмаса. Сіз онымен бірге жеңіл жаттығуларды орындағыңыз келеді, бірақ та ол енжарлық танытып, қозғалғысы да келмейді. Тіпті де абыржымаңызшы. Әр баланың өзі-ақ біледі қашан оған сөйлеп бастауын, немесе еңбектеуін. Егер де сіз қатты абыржитын болсаңыз, педиатрға барып, кеңесіп көріңіз – ол сіздің қорқыныштарыңызды тарқатып береді.

3. Спорт пен таза ауа ешқашан зиянды болмайды

Балаңыз бен сізге таза ауа керек болады — саябаққа барып қыдырыңыздар! Егер де ешқандай кері әсерлері болмаса, серуендеуді тіпті перзентханадан шыққан соң-ақ бастауға болады. Әрине, ең дұрысы, күн жылыда салқын емес кезеңдерде серуен жасаған дұрыс. Таза ауа нәрестеңізге тез қатайып, мамасына пайда әкелуіне мүмкіншілік береді. Орындықта тек отыра бермеңіз, көркем аллеялармен бір-екі рет айналып келіңіз.

4. Кітаптар — өте тамаша!

Бұрынғы ертегілерді соңғы рет қашан оқып едіңіз? Сіз олардың қаншалықты қызықты екендігін тіпті ұмытып та қалған шығарсыз. Анасының даусы баланы тыныштандырады, оны ұйқыға тартады: ең сүйікті бесік жырын немесе жай ғана тақпақ білсеңіз болғаны. Тарихты тіпті ойдан шығара аласыз! Сіз — ө знәрестеңіз үшін ең мықты кейіпкер боласыз.

5. Жылауының он шақты себептері болуы мүмкін

Егер балаларды физиологиялық қажеттіліктер мазаласа ғана жиі жылайтын болады. Егер балаңыз қарны тойған, таза да құрғақ жөргекте болса, бәлкім оған жарық немесе шуыл кедергі болуы мүмкін. Кейбір балаларға жеке ұйықтау қорқынышты көрінеді. Сондықтан да, егер балаңыз ұйықтамаса, соның қасынан шықпаңыз, бара-бара ол батылдылыққа үйрене бастайды. Балаңыз жарты жылға келгенде , алғашқы тістерінің жарып шығуын күтіңіз — солардың өздері оның мазасын алып ауыртады.

6. Күн сайын тамаша жаңалықтар

Бастапқыда нәрестеңіз ұйқысы қанып тұратын болса, — ол әлсіз болса да, ол айналадағы әлемге көндігіп үйренеді. Алайда екі айдан соң, оны танымай қаласыз! Сіздің саусағыңызды қармап алып, ұнайтыны, сізге қарап назарыңызды аулағысы келіп тұратынын байқай аласыз. Оған күннің көзіне шығудың өзі бір мерей болады!

7. Шопинг екі есе қызықты екен

Бұдан бұрын сіз жаңа киім, көйлек  таңдауға өзіңіз ғана барып, жолдасыңызға пальто алу үшін де бірге шығатынсыздар. Ал енді өміріңізде нәресте пайда болғанда, апта сайынғы сатып алулар тізімі ұлғая бастайды, соған қоса дүкенге барудың өзі қызықты болды емес пе. Сіз енді нәресте киімдерінің қаншама түстері барын, бас киімдер барын, дүкендерде қаншама таңдаудың барын көріп, қызыға бересіз! Пустышкалар мен бөтелкелердің көп жиынтықтары! Әрі көк түстің барлығы да ұлдардікі, ал қызғылт түс тек қыздарға арналған деп кім айтты? Міне жасыл күрте мен әдемі қызғылт әрі бәтіңкелер көзді қызықтырады! Жақсы талғамды бесіктен бастау керек!

8. Бірлескен жұмыс

Сіздің нәрестеңіз қандайда болмасын жаңа да қызықты заттарға қызықтыра бастайды: бассейнге барса да немесе алғашқы массаж  аса қызықтырады. Жаңа ойыншықтарды да бірлесіп таңдайсыздар — оған соска да ойыншық үйрек ұнауы мүмкін. Ең дұрысы өзіңіз балаға ән салып беріңіз, ол содан  кейін оған қайталап жауап бере алады.

9. Сізде кесте пайда болды

Сіз енді балаңыз қашан оянатындығын, тамақ сұрайтынын білетін боласыз, оған әкесінде кірістіру керек болады. Сіз уақытты соңғы тамақтандырғаннан бастап қанша уақыт өткенін білесіз де, соған қарап, көп жағдайды жоспарлай аласыз. Егер серуенге шыққыңыз келсе, қаншама заттың кеерктігін үйреніп аласыз! Жақын арада сіз қаншама керекті нәрсені үйреніп аласыз, алайда күнделікті істеріңіз сізге артықшылық етпейді — нәрестеңіз сіз үшін қаншама жаңалық ашады!

10. Бірге ұйықтау ұнамды

Балаларға қамқорлық жасау туралы әрқандай кітаптар әрқалай кеңестер береді, ал  интернет-форумдарға кіру тіптен қорқынышты. Егер сіз балаңыз қолға алғанда, тыныштанатын болса, оны өзіңізбен бірге кереуетке алыңыз. Әсіресе сізді таң атпай оятқанда қолдануға болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: