Нәрестеңіздің күлкісінің құпиясы

Нәрестеңіздің күлкісінің құпиясы

Міне енді жарық дүние есігін ашты, енді сіз онымен бірге өткізген әрбір секундты бағалаңыз. Қазір қаншама жүгірістер, абыржулар көп болса да, сіздер бақыттысыздар, себебі біргесіздер.

Жүктілік кезіңізде сіз бәлкім баланы тәрбиелеуге мүдделі болып, қызығып, дайындалған боларсыз, және оған қалай қамқорлық жасап, оның жанында болғанда, не істеу керектігін білесіз. Алайда, өмірде барлығы да болады, күтпеген жағдайлар да орын алады. Кішкен бөпеңіз жайдан-жай жылап, шыңғыра алады, енді бір мезетте күлімсіреп бақытты боп ойнап немесе былдарлап отырады.  Ал енді балаңыздың күлімдегені нені білдіреді? Осы жайлы белгілі мамандардың кітаптарында да дәрістерінде де нақ жауабы жазылған емес. 

Өзіңізді еске алыңызшы: көңіліңіз жайлы болғанда сіз күлімдеп жүресіз. Солайша сіздің де балаңыз тәтті болып күлімдей береді, себебі оған да жайлы, ол да құрғақтықты сезініп, жайлылықта болады.

Көптеген акушер мамандар айтқандай, тіпті кеше ғана дүние есігін ашқан балалар күлімсіреп ұйықтап жатады екен. Кейбір ғалымдар бұл ойдан шығарған лақпа сөз деп айтады, балалар күле алады бірақ та біз секілді емес, сондықтан да сол күлімсіреулерін ұғыну мүмкін емес әрі өте күрделі. Ғалымдар айтып отырғандай, балалар туған сәтінен бастап екі айға жеткенде ғана саналы түрде күлімдей алады екен. Және тек сізге ғана байланысты, балаңыз қалайша күлімсіреп күлетіндігі

Бас кезінде балаңыз сіздің қытығыңыздан күлуі мүмкін, немесе жарықтан қызық быдыстардан күле алады. Сіздің нәрестеңіз өзіңізбен бірге күле алады — ол сіздің қылықтарыңызды қайталауы мүмкін. Және екінші айдан асқанда ғана балаңыз өз анасын көріп, не болмаса қызықты ойыншықты көріп, күле алады.

Бұл шағында балалар тек қана айналасындағы әлеммен таныса бастайды, әрі ол сізден ешқандай реакция болмаса жыламсырай бастайды. Сондықтан да мүмкіндігінше балаңызбен көп сөйлесіп, араласқаныңыз жөн. Және сөйлесу тақырыбыңыз әрқалай болуы мүмкін, ол маңызды емес. Оған осы әлемдегі бар нәрсе жайлы айтып отырыңыз: қазір не жасап отырғаныңыз туралы, не жасайтыныңыз жайлы, күннің қалай өткендігі жайлы сөйлесіңіз, немесе жай ғана ойдан шыққан тарихты ойлап табыңыз! Төрт айлығынан бастап нәресте айналасындағылардың жасағандарын, көзқарастарын қайталап оларды араласуға шақырады. Сондықтан да өз балаңызға көбірек көңіл бөліңіз!

Ал енді сіз балаңыздың әрқалай күлгендігін көрдіңіз бе? Себебі бұл нәрестеңіздің қандайда бір мәлімет беруге деген құлшынысын білдіреді. Және содан кейін де баланың мимикасы қалайша болатындығына, бірінші кезекте тек анасының шаралары маңызды болады. Қамқор әрі сақ анасы өз баласының қаншама эмоцияларын түсіне алады.

Сондықтан да, қымбатты аналар, балаңызбен бірге өткізген талай сәттерді есте сақтаңыз, әрі қаншалықты мүмкіндігінше балаңызға көбірек күлімдеңіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: