Besik Salu

Бесікке салу немесе Қазақстанда нәрестені алғаш рет қалайша бесікке салады

Бесікке салу — баланы алғаш рет бесікке бөлегенде жасалатын қазақтың өте тамаша дәстүрлерінің бірі. Бесікті баланың алтын ұясы деп де атайды, сондықтан бесік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып беріліп отырады. Егер де баласы әкесінің жатқан бесіне бөленсе, тіпті үлкен сәттілікке балайды.

Бесікке салу дәстүрі — жас отбасының өміріндегі ең маңыздылардың қатарында, сондықтан да оны жақсылап тойлап өткізеді! Сол күні кең дастархан жайып, көп қонақтарды шақырады. Ал баланы тікелей бесікке бөлеп салу сияқты құрметті де жауапты істі бір емес бірнеше буынды өсіріп-баққан өте сыйлы кейуанаға тапсырады. Баланы бесікке бөлеген соң, дәстүрлі түрде бесікке баламен бірге әрқайсысының өз мәні болатындай әртүрлі жеті затты бірге салады. Мәселен, бай да табысты болуы үшін тиын салу керек, ал сұлу болып өсуі үшін айнаны немесе тарақты бірге жастайды.

Бұрындары, нәресте тыныш ұйықтап, түнде шошымауы үшін оны әлпештеп бөлеп барып бесік жырымен ұйықтатқан. Бірақ та қазіргі заманның аналарында сенімді көмекшілер пайда болды— бірегей сіңіретін арналары бар, жөргектегі ылғалды біркелкі таратып, 12 сағатқа дейін баланың құрғақтығын қамтамасыз ететін Pampers Premium Care бар ғой. Олардың арнайы индикаторлары бар, солар жөргектері ылғалды көрсетіп, айырбастау керектігін байқатады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: