Кішкентай адам — үлкен өзгерістер

Кішкентай адам — үлкен өзгерістер

Енді сіз анасыз: сізде қамқорлық шаралары өте көп, бірақ та олар соншалықты қажытпайды екен. Сіздің тұқрмысыңыз қаншама өзгеріске тап болады: режиммен басталып, кір жуумен аяқталады.

Сіздің достарыңыз сәл күте тұруға тура келеді— енді сіз баланың денсаулығы мен тәрбиеленуіне толық жауаптысыз. Тазва ауаға шыққан әрбір серуеніңіз — жарыққа шығу, ал сіздің нәрестеңіз  сіздің адал серігіңіз, ермегіңіз болмақ. Үйдір көркемдеуге қаншама бос уақыт қалады: табиғи мақтадан жасалған сарғылт кілем есіңізде ме? Енді ол сізге міндетті түрде керек болады. Енді сізде балаңыздың еңбектеуін байланысты дереу қимылдап, балаңыздың еңбектеуіне қарай, күйеуіңіздің кесесін қай жерге қоюды, сүйікті гербарийді қай жерге орнықтыру керектігін ойлануға уақыт бар!

Өз шешеңіздің «қашан немере сүйемін?» деген сұрағына ыңғайсыз үнсіздігіңіз… Енді ол әлемдегі ең бақытты әже! Сіздің шешеңіз өзі сізді қалай өсіргендігі есіне түседі емес пе, , және сол тәжірибесімен сізбен бөлісері анық. Ал егер сіз дүкендер аралап келуге, немесе күйеуіңізбен кездесуге бір сағатқа барып келгіңіз келсе,  сіздің шешеңіз немересімен қалуға әрқашан дайын болады. Нәресте туған соң жарты жылдан кейін, саябаққа да баруға болады: қала сыртындағы ауа анағұрлым таза болады — сізге де, балаға да мықтап ұйықтауға және қаланың сергелдеңінен дем алуға мүмкіндік болар еді.

Баланы күту сақ болуды және режимнің сақталуын талап етеді. Бұл үйдегілердің барлығына да қатысты: нәресте ұйқыда жатқанда, ең дұрысы әкесі футболын құлаққаппен көруі қажет болады, ал үй хайуандарына бала жатқан жаққа кіруге тыйым салынады. Сіз күнделікті режимге оңай үйренесіз, бірақ та басында әрине оңай болмайды. Кішкентай балалар тез өсіп, тез жетіледі— төзімділік танытып сәл шыдап кетіңіз. Жылдар өте келе сіз әлі нәрестеңіздің алғаш сөйлеген бал тілін есіңізге талай рет түсіресіз, алғаш айтқан сөзін еске аласыз — енді оны бала-бақшаға апаруға тура келеді.

Әкесінің де алатын ролін естен шығармаған жөн. Сіз баланың дүниеге келуін оның қалайша күткендігін сезбейсіз де. Ол ешқашан да айтпайды, бірақ та оның көңілінде үнемі, баланың туып, ұлының өсуін, оған футбол үйретуді немесе қызына «ана» деген сөзді құпия түрде үйретуді қалайша тосқандығын тіпті седе алмаймыз. Бала деген  — міндет емес, алайда сіз екеуіңіз де оның өмірі мен игілігіне жауапкершілікте болсасыздар. Қатты шаршаған болсаңыз көмекке күйеуіңізді шақырыңыз. Жөргектерді айырбастау қалайша қызық екендігін, немесе дүкендегі алуан түрлі ассортименттің арасынан баланың тағамын қалай таңдаудың дұрыстығ әрі оңай еместігі туралы айтып көрсетіңіз. Әкесің нәрестемен қыдыруға, серуен құруға жіберіден сескенбеңіз — ол үшін ол деген жаңа роль, алайда ол бар жан-тәнімен орындайтын болады.

Босанған соң өміріңіз қалай болмасын өзгеріп салса да, есіңізде болсын: бала деген — адам сенгісіз зор бақыт. Ол соған тұрарлық бақыт.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы