Нәрестедегі ең ұнамды

Нәрестедегі ең ұнамды

Әйел заты оң тестіні байқаған сәттен бастап, өз құрсағындағы баласын жақсы көреді. Тіпті, жүктілік кезеңдері барлық аналарда бірдей оңай өтпегендігіне қарамаста, құрсағындағы әрбір қозғалы қандай болмасын ананы шаттандырады. Ішінде жан баласының қозғалып, өнім келе жатқандығының өзі, соны ұғынудың өзі бір мерей. Қалғаны тек баланың жарық дүниеге аман-есен келуі.

Ал енді нәресте дүние есігін ашқан сәттен бастап анасының махаббаты одан сайын жадырай түседі. Әрбір ана өз баласының иісін сүйсініп иіскейді. Сіз  оны бірден есте сақтайсыз, алғаш рет қалай оны кеудеңізге апарып, емізгеніңіздің өзі мәңгілікке есте қалары хақ.

Осымен барлық қуаныш пен шаттық біте қалмайды. Енді сіз балаңыздың керуетте пысылдап ұйықтап жатып, түс көріп күлемдеген сәттерін аңғарасыз. Оған да жылы суда шолпрылдатып жуынған ұнайды барлық бала атаулыға жуынған ұнайды. Ал сонымен қатар нәрестеге үнемі ата-анасымен болған өте маңызды, әсіресе анасымен болған өте жөн. Өйткені ана деген — әрбір бала-шағаның өміріндегі ең басты адам болып саналады.

Сіздің нәрестеңіз айналадағы әлеммен араласқандағы сәттерін көріп, ол үшін мақтанып, масаттана бастайсыз. Ол сізге қарап, бетіңізді аңдып, немесе қолыңыздағы қасықты көп қарап, зерделей бастайды. Немесе ол өзінің анасы мен әкесінің бейнелерін көріп, күлімдей беретін сәттерді аңғарасыз. Ол енді сіздердің бет-әлпеттеріңізді есте сақтап алды, соны өзі бір үлкен бақыт емес пе?

Сіздің балаңыз көз алдыңызда жетіліп келеді, әрі сіздің міндетіңіз оған өркендей беруіне көмектесу болып табылады  Алғашқы рет барып қозғаулары, алғашқы қадамдары, алғашқы саналы айтқан сөздері басында әрине күлкілі болады. Осының барлығы ананың жүрегін езіп жіберері анық.

Сізге өзгеше сезім ұялайды: сіз жаңадан өсіп-өнім келе жатқан, өзінің мінезі бар өзге жанның дамып келе жатқандығын көзбен көріп куә боласыз. Өсе келе сыртқы бет-әлпеттері де өзгеріп салады, балаңыз сізге немесе күйеуіңізге ұқсай беретінін аңғарасыз.

Алайда балаға, соның өзінде назар салу аздық етеді, сондықтан ол сіздің назарыңызды аулау үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Ол көзге ілініп, жақсы әсер қалдыру үшінбилейді, ән салады, тіпті қаншама  қылықтарын көрсетіп, шаралар жасайды. Сонда сіз байқамай тұра алар ма едіңіз? Әсіресе ол өзін мықты да қайсарлы екендігін көрсеткісі келіп баққанда, өте қызық. Енді ол «өзім жеймін!» – деген сөздермен, сіздің қолыңыздағы қасықты итере бастайды. Бірнеше метр жүру үшін сіздің қолыңыздан сытылып шығып, еркін жіүргісі келеді. Нәресте өзі киінгісі келіп қылықтарын көрсете бастайды, соған алғаш қадам жасайды.  Оң жақ сол жақ аяқ-киімдерін ауыстырып киіп алып, немесе куртесін ішін-сыртына қаратып кигендігіне қарамастан, ол соған бейімделгісі келе бастайды. Ол сіздерге өте ұқсағысы келеді — дербес болуға талпынады!

Әрине махабаты сөсзсіз. Осылайша аналар өздерінің балаларына деген қандай сүйіспеншіліктері барын тізіп айта беруге болады. Алайда, ананың балаға деген махаббаты, бар болғаны нәрестенің жанында бар екендігімен шарттасады! Сондай қызықты, күлкілі, нәзік және өзіміздікі.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы