Қазақстан — дәстүрлердің, бақытты балалық шақтың, керемет табиғаттың мекені!

Қазақстан — дәстүрлердің, бақытты балалық шақтың, керемет табиғаттың мекені!

Қазақстан Республикасы — Еуропа мен Азияның сап ортасында орналасқан ұланғайыр мемлекет. Бәлкім, сондықтан Қазақстанға табиғаты мен жануарлар әлемімен жолы болған екен. Мұнда сапарлаушыларға керемет сұлулықтар ашылады: солтүстіктегі қыр даласы, мұнаураған қар басқан және ақ барыстары бар таулары, жылқылар жайылып жүрген көк алқаптар, сарқыраған өзендер мен тұнық көлдер.

Алайда Қазақстанның ең басты байлығы- ондағы адамдары, олардың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрлері, жөн-жоралғылары, ғұрыптары, және қонақжайлылық пен үлкендер мен кішілерге деген сый-құрмет.

Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көшпелі тұрмыс салтына қарай бейімделіп қалыптасқан, әрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып барады.

Қонақжайлылық

Қазақ халқының ұлттық сипаты мен мәдениетінің басты қасиеті – әрине, оның қонақжайлылығы! «Қонақты Құдайдай күт!» — осылайша Қазақстанда кішкентай жастан бері құлағына құя береді. Әрбір жолаушы өзін кең көңілмен қарсы алатындығын, асқа тойдырып, түнететіндігін біледі. Қонақты үйдегі ең сыйлы орынға яғни, төрге жайғастырады, құрметтеп тұрып қонақасын береді. Шындығында, қонақтар қазақтың тағы бір ғұрпы – қонақ кәдеге дайын болуға тиіс, бұл дегеніміз келген қонақты ән айтуға, билеуге, немесе ойнап беруін сұрайтын «өнеріне сынау» өткізеді. Алайда, бұл тек қана қалжың үшін, ойын үшін екендігін бәрі түсінеді ғой, бастысы кешті жақсы көңілді күйде қызықты өткізу.

Балаларға және қарттарға ерекше көзқарас

Баланың дүниеге келуі — көптеген көңіл толар ғұрыптар арналатын айрықша оқиға болады, солармен баланың есеюіндегі барлық маңызды оқиғалар аталып өтеді. Осылайша, балаға ат бергенде де өте ұқыптылықпен әрі елеулі санап өткізеді. Балаға жақсы мағынасы бар дұрыс ат беруді жөн көреді. Мәселен, егер баланың атын Қуаныш деп қойса, оның тағдыры мен өмірі жақсылықпен өтеді деген сенім бар.

Шын көңілмен, қамқорлықта әрі сүйіспеншілікпен өскен баланың, алдағы өмірі де сый көрсетіп, үлкендерге құрмет пен төзімділікпен қарайтын болады. Солайша, дастархан алдында, үлкеннің орнына ешкім отыра салмайды, отбасының басқа мүшелері отыра бермейді. Балалар болса, тек қана үлкендердің айтқанынан шықпай, олардан кеңес сұрап, солай өсіп-жетіледі. Отбасындағы қатаң жастық тәртіп үйдегі түсіністікке, сүйіспеншілікке және сыйластыққа жол ашады.

Туған жерге аунату

Қазақтар қай жаққа көшпесін, қай жақта жүрмесін, өздерінің туған жерін ұмытпайды, сонымен олар ежелгі дәстүрлері Туған жерге аунатуын сақтап келеді, онда өз туған жерінен жыраққа кеткен көптен жоламаған адамды әкеліп, өзінің сүйікті туған жерін көрсетеді, әдетте ғұрыпты сақтап оны жерге аунатып алуға болады.

Хештегтер бойынша өз отбасыларындағы дәстүрлері жайлы аналардың әңгімелерін оқығыз:

#PampersKZ
#Pampers_мягкиекакшелк
#Pampersспонсор
#Pampers_традиции

Біздің басты дәстүр – бұл біздің Pampers Premium Care екеуіміздің балаға деген сүйіспеншілігіміз!

Қазақстандағы дәстүрлер жайлы көбірек білгіңіз келе ме? Қазақстандағы басты отбасылық дәстүрлер туралы біздің мақалаларымызды оқыңыз!

А Б В

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы