Жаңа босанған аналарға  жөргекті ауыстыру бойынша 6 кеңес

Жаңа босанған аналарға жөргекті ауыстыру бойынша 6 кеңес

Әрине, жөргек ауыстыру – зымыран құрастыру емес, бірақ бұл істің де өзіндік қиындықтары болады. Дегенмен, бұл жұмысты жеңілдететін тәсілдер бар. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, жөргек ауыстыру бала мен Сізді жақындастыратын ғажап сәтке айналуы мүмкін.
Мұның бәрі, әрине, Сіздің маңдайыңызға сарғыш түсті фонтанды шаптырып жібергенін түсінгеніңізше ғана.

1. Жөргек ауыстыруға дайындық
Жаныңызға барлық керек затты қойып алыңыз – таза жөргек, ылғалды сүлгі, орамал, сосын еден былғанып жатса, сүртетін шүберек. (Айтпақшы, сәбидің жөргегін еденде ауыстыруға болады – бұл жерден ол ешқайда құлап кетпейді.)

2. Тыныштандырудан бастаңыз
Балаға не істейтініңізді айтыңыз. Тіпті жаңа туылған нәресте де үлкен адамның ісі мен сөзінің мағынасын түсінгісі келеді.
Сәбиге: «Мен сенің жөргегіңді ауыстырғым келеді. Өтінемін, біраз тыныш жата тұршы», – деп айтыңыз.
Содан кейін, балаға таза жөргекті көрсетіңіз. Сіздің асықпай, біртіндеп қимылдауыңыз балаға жақсы әсер етеді!

3. Баланы аударыңыз
Баланың арқасының құрғақтығын тексеріңіз. Ауыстырудың ең жағымсыз сәті – баланың кеудесіндегі және бұтындағы киімінің былғанып қалғаны.

4. Ауыстыру кезінде баланы алдандыру
Жөргекті ауыстыру біраз күшіңізді алады, дегенмен, баланы ойыншықпен, әнмен, тақпақпен алдандырсаңыз, Сізге әжептеуір жеңіл болады.

5. Тапқыр болыңыз!
Бала былғанған жағдайда, ылғалды сүлгіні пайдалануға асықпаңыз – алдымен құйрығын жөргектің таза шетімен сүртіңіз. Пайдаланылған жөргекті баланың қолы жетпейтіндей етіп алыпқойыңыз.
Содан кейін, баланы бір реттік сүлгімен сүртіндіріп, оларды лас жөргектің ішіне салуға болады. Ауыстырып болған соң, жөргекті сүлгімен бірге орап, домалақ тәрізді пішінге келтіріп жабыстырғышпен бекітіп қоясыз. Барлық былғанған заттар мен нәжісі ішінде қалады, ал Сіздің қоқыс салатын шелегіңіз ұзақ уақыт өз тазалығын сақтайды.

6. Жағымсыз тосын-сыйлардың алдын алу
Ұл балалардың өсуі мен дамуына қарай, олардың жыныс мүшесі ауамен жанасқанда еріксіз зәр шығарып жіберуі мүмкін. Егер кішкентай мата бөлігін немесе шүберек сүлгіні сол жерге қойсаңыз, мұның алдын алуға болады.
Қыздарды, қынапқа нәжіс түспейтіндей, алдынан артына қарай бағытта сүртіндіру керек.

Жөргек ауыстыру оңай емес, бірақ мұны тәжірибе жолымен ғана жетік үйрене аласыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: