Сіздің балаңызды уатудың нағыз дұрыс тәсілі

Сіздің балаңызды уатудың нағыз дұрыс тәсілі

Сол нәрестеңізді қалайша қойдыруға болады? Біз айтып береміз.

Ең алдымен, сіз өзіңізді наша рана деп ойламаңыз да, олай болмайды. Барлық бала жылайды, бұл қалыпты құбылыс. Өзіңіз тыныштанып, осы жағдайды ұғынуға тырысыңыз.

Бірінші кезекте, баланың жылауы нақты бір жағдаймен байланысты емес пес оны біліңіз. Оның денсаулығына және қауіпсіздігіне байланысты болуы мүмкін. Оның температурасы бар ма жоқ па? Жарақат алмады ма екен? Тыныс алуы нашарлаған жоқ па? Кіндігі қызарған жоқ па екен соны тексеріңіз? Егер де осылардың бірін нақты анықтаған болсаңыз дереу дәрігерге жүгініңіз.

Медициналық проблемаларды елемегенде, балаңыз жайсыздықтан жылауы да мүмкн: салқын немесе ыстық, ылғалды төсектен, оралық қалған жаялық, және тіпті жарықтан да және шуылдан да болуы әбден мүмкін. Кішкентай бала сіз сатып алған жаңа киімде ыңғайсыз болуы мүмкін. Немесе ол өзін өзі тырнап кетуі әбден мүмкін. Бәрін мұқият тексеріп соль проблеманы болдырмаңыз.

Сөйтіп, денсаулығына қатысты ешбір себептер болмайтын болса, адамзаттың жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін пайдаланып баланы тыныштандырудың әдістерін пайдаланған жөн. Бұл дегеніміз жаялыққа бөлеу, тербету және баланы қырынан жатқызу. Ең маңыздысы неде? Әрине сіз баланы қырынан жатқызғанда, оның басын сүйемелдеп отырғаныңыз жөн. Ритмикалық тербету мен қырынан жатқызуды бірлесіп орындауға болады. Баланы қолыңызға алғанда, немесе қырынан жатқызғанда, басын демеп отырып, оны екі жағына тербетіп отырасыз.

Басқа бір тәсілі — «Ақ шуды» пайдаланыңыз. Бірде бір доктор жаңалық ашты-нәрестелер қалыпты жағымды ышқынған дауыспен айтылған әнді естігенде тез ұйқыға кетеді екен. Осыны «ақ шуыл» атап кеткен. Сіз оны өзіңіз жасамай-ақ қазірде неше түрлі смартфондарда орнатылған сондай әуендерді тауып алуға әбден болады.  Қызықты жайт — ашылып су ағып тұрған кран суы да баланы тыныштандыра алады.

Бала неліктен жылайтындығының тағы бір себебі — оған тек сіз жетпей тұрсыз! Оны өз бауырыңызға тартып, жүрегіңіздің қағысын тыңдатыңыз, ол иісіңізді алсын. Бәлкім осыдан кейін ғана ол уанып, тыныштанады.  Балаға кеуде беріңіз. Оны өз төсегіңізге алыңыз. Оған бесік жырын айтып беріңіз. Майдайына үрлеңіз. Сіз оның тыныштанғанына таң қаласыз!

Баланы тыныштандыруға қатасты қаншама кітаптарды оқып, мақалалар таба аласыз, бірақ та сізден артық бала жанын ешкім түсінбейді. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз, туғаннан бастап баланы қадағалаңых, сонда ғана ұйқысыз түндер артта қалады. Іске сәт!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы