Нәрестелердің дарындары

Нәрестелердің дарындары

Жуырда ғана бірді жанұямызда кішкентай мүшесі пайда болды. Нәрестенің келуі — мейрам ғой, барлық туыстары үшін ерекше уақыт. Көпшілігі ойлайды, кішкентай нәресте бар болғаны тамақтанып, ұйқтайды деп. Алайда бірде-бір махаббатқа толы ана жүрегі бұған келіспейді!

Жаңа туған нәресте жан иесі адам баласы ғой, тек өте кішкентай болып, тәжірибе жинақтамағаны болмаса…. Сондықтан да  ата-анасының міндеті баланы дамыту үшін бар қолдан келгенді жасау. Ғалымдар дәлелдеп отыр, баланың туған алғашқы бір айы — баланың дамуындағы ең маңызды уақыт болып танылады. Себебі тап осы кезінде балалар айналасындағы әлеміне бейімделе бастайды емес пе. Тап осы кезінде ата-анасының да жауапкершілікті кезеңі басталады — олар өздерінің барлық жоспарларын қайта қарайды, соған бейімделмек.

Туған бірінші айда өте қатты өзгеріп салады: оның сүйектері қатая бастайды, көзқарасы тоқталады, ет қосады, ал бет-әлпеті нағыз адами қалпына келе бастайды, бала өзінің ата-анасына ұқсай береді. Шамалы уақыт өткен соң барып, бала сізге ден қойғандығын аңғарасыз. Айналдадағы әлемге осылайша зез үйреніп, бейімделу — нағыз дарын!

Бір айдың ішіенде нәресте анасына үйрене бастайды: ол анасының сипалағынының өзін есте сақтап алады, иісін тіпті даусын, сөйтіп ол соған үйрене береді. Тап осындай кезі баланың қаншама талаптарға толы екендігін аңғару қиын емес.

Әрине, бастапөқы айларда баладан соншалықты талапты, данышпандықты күту дұрыс емес. Сіз түсінуіңіз керек, баланың психологиялық дамуы бірінші кезекте оның рефлекстік сезіміне байланысты болмақ. Оларды сол нәрестенің рефлекстері деп те атайды, әрі ата-анасының міндеті соларды анықтап тексеру, қадағалау. Сөйтіп, баланың үшінші аптасының аяғына қарай, ол оңды эмоцияларды көрсете бастайды. Осы уақытта ол ата-анасын тани бастайды, тіпті оларға күлімдей бастайды. Балаға көбірек күлімдеңіз, сонда ол сізге солай жауап береді. Нәрестенің күлімсірегені — нағыз сый, ең тамаша көрініс, әсерлі құбылыс!

Өсіп келе жатқан бала етпетімен жатып алып, айналасын көру үшін басын көтеріп қозғай алады. Есіңізде болсын, қазір сіздің нәрестеңізге тактильдік контакт қажеттік етеді, сондықтан да оны көбірек аймалап, құшақтаңыз, онымен абай болыңыз.

Баламен ойнаңыз! Жақын арада балаңыз көз тоқтатып, бетіңізге тіке қарайтын болады, дыбысты ажырата алатын болады, тіпті кейбір дыбыстарға қызыға бастайды.  Сонда  ойын үшін қоңыраушалар мен шылдырмақтар қажеттік етеді.  Ал фигуралы текшелер мен сақиналар балаға түрлі нысандар мен қалыптарды,  тіпті фактураны байқауға талпындыра бастайды.

Нәрестеңіз айналадағы жандайрың джауыстарына үйрене бастайды бірақ та бұл бет-әлпеттерге байланысты болмайды.  Көптеген мамандар балаларға классикалық әуендерді және жеңіл саздарды қоюды ұсынады. Осыған күніне тым болмаса 10 минуттай уақытты жұмсаңыз. Және міндетті түрде нәрестеңізбен сөйлесіп отырыңыз. Сіз оның жауап беріп, соларды қайталайтындығын, өзіңіз де байқамай қаласыз.

Аналар, өз балаларыңызға күтіммен қараңыздар, асыра талап етуге болмайды. Болашақта қалай өсіп-өнетіндігі сіздерге ғана байланысты, сондықтан да олардың дамуы жайлы да жағымды жағдайда өтуіне көп күш жұмсаңыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы