Шала туған баланың дамуына шолу

Шала туған баланың дамуына шолу

19.03.2014

Шала туылған бала басқа сәбилерге қарағанда кішкентай болуы мүмкін, бірақ ол өзінің қарқынымен жетіледі. Бұл мақалада Сіздер мерзімінен бұрын туылған сәбилердің қалай жетілетіндігін білесіз.
Ана болуға дайындалғанда Сіз баланың өсуі туралы аз оқымаған шығарсыз, ал кейбір егжей-тегжейін тіпті жатқа білетін шығарсыз. Егер Сіз мерзімінен бұрын босанып қалсаңыз, онда өз біліміңізге түзету енгізу керек.
Егер сәби жүктіліктің 37 аптасында туылатын болса, мерзімінен бұрын босану болып саналады. Дәрігерлер шала туылған балаларды босану мерзімдеріне байланысты кезеңдер бойынша жіктейді: 34 аптадан 37 аптаға дейін – І кезең, 32 аптадан 35 аптаға дейін – ІІ кезең, 28 аптадан 31 аптаға дейін – ІІІ кезең және 28 аптаға дейін – IV кезең.
Ең алдымен, сабырлылық
Шала туылған балалар әдеттегідей жақсы жетіледі және өседі, дегенмен оларға өздерімен жастыларына жету үшін біршама уақыт талап етіледі. Сәбидің өсуі және жетілуі туралы нені білу керек?
Қосу және азайту
Шала туылған баланың жетілуін қадағалау үшін оның жасын аздап түзету керек. Мысалы, егер Сіздің сәбиіңізге қазір 10 апта болса, бірақ ол мерзімінен 5 апта бұрын туылса, 10-нан 5-ті алу керек, сонда Сіз сәбидің жетілуі бес апталық баланың деңгейіне сәйкес келетіндігін көресіз.

Яғни, егер айы-күні жетіп туылған екі айлық бала көз байланысын сақтап, күле алатын болса, онда мерзімінен бұрын туған сендерге мұны әлі бес апта күту керек.
Ілгерілеуді қадағалаңыз
Егер сіздің шала туылған сәбиіңіз басқа балалардан өзгеше жылдамдықпен жетілетін болса, онда оның ары қарай ілгерілемейтіндігін білдірмейді! Әрбір жаңа дағдысын белгілеңіз (сәбидің қашан еңбектей бастағанын, аяғымен тұрғандығын, жүргендігін) және егер Сіз сәби жетілуде кері кеткен сияқты болса (мысалы, бұрын жақсы отырса, ал енді жығылып қалса), дәрігерге хабарлауды ұмытпаңыз.
Өзіңізге қысып ұстау
Шала туылған баланың денесі анасына үнемі тиіп жүрсе жақсы жетіледі. Егер Сіз сәбидің жанына жиі жатсаңыз, оны құшақтап және сипайтын болсаңыз, онда ол жылауын азайтады, оның жүрегі барынша тұрақты жұмыс істейді, салмағы ұлғаяды, сонымен қатар тәбеті де жақсарады.
Сәбиді кеудеңізге қойып, тыныш отыратын жерге қолайлы кресло немесе орындықты қойып өзіңізге жеке орын жасаңыз. Сәбидің үстінде жөргектен басқа ешнәрсе болмауы тиіс, себебі Сіздің денеңіз оның денесін өзінің жылуымен қыздырады.
Егер Сізде қиындықтар туындаса, өзіңіздің педиатрыңызбен сөйлесіңіз және қазір сенсеңіз де, сенбесеңіз де, Сіздің кішкентай нәрестеңіз жақын арада үлкен әрі шуылдақ балаға айналады. Сондықтан осы баға жетпес сәби күндерімен рақатқа бөленіңіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: