adf

Ауруханаға қабылдауға не қажет: ең қажетті деген заттардың толық тізімі

11

Ауруханаға қабылдауға не қажет: ең қажетті деген заттардың толық тізімі

Барлық болашақ аналар босануға жақсылап дайындалуға тырысады, ал бұрыннан бала көтеріп келе жатқан аналар бірауыздан: «Тап осылай боларын мен тіпті білмедім!»-дейді

Иә, шындығында да, босануға саналы түрде әрі физикалық тұрғыдан 100% дайын болу мүмкін емес шығар. Шындық әрқашан да біздің күткендегі жағдайымызбен дәл келмей жатады ғой. Бірақ, десек те қалған барлық ұсақ-түйекке назар аудара бермейтіндей тұрмыстық және материалдық мәселелерді шешіп алу маңыздырақ, ал бұл шындығында маңызды бола түсері хақ.

Күйеуіңізге немесе енеңізге тап қандай ішкиім әкелсін деп телефон арқылы айтып түсіндіріп жатқан жағымды ма? Перзентханаға апаратын барлық керек-жарақты алдын ала жинақтап алыңыз, оларды ыңғайлы сөмкеге салып, көзге көрінетін жерге қойып қойыңыз.

Ал ештеңе ұмыт қалдырмас үшін әрі артық нәрсе ала бермес үшін, сіздерді «ауруханаға қажет заттарды тізіміне» үшін дайындадық»:

Құжаттар

  • Айырбас картасы
  • Паспорт
  • Міндетті медициналық сақтандыру полисі
  • Босану сертификаты
  • Қадағалау орны бойынша әйелдер консультациясынан жолдау қағазы (егер патология бөліміне көшіретін болса)
  • Зейнетақы қорының сақтандыру куәлігі (егер босану сертификаты болмаса)
  • Босануға келісімшарт (егер босану ақылы болса)
  • Қосымша зерттеулер мен талдаулардың нәтижелері (егер сондай болса)

 

Босануға дейінгі бөлімге не алып бару керек

Егер қандайда бір себептермен сіз перзентханаға ертерек барып жататын болсаңыз, Х уақытына дейін өзіңізді барынша жайлы сезінетіндей, қолдан келгеннің барлығын жасап алуыңыз керек болады. Сізге керек болатын:

  • Түнгі іш көйлек
  • Халат немесе спорт костюм (соны кигенде жайлы сезінетіндей)    
  • Шұлықтар
  • Шәрке (душта суланбайтындай бәрінен дұрысы резеңке шәркелер)
  • Телефон зарядтағышымен бірге
  • Гигиеналық заттар (тіс щеткасы мен пастасы, сусабын, душқа арналған гель, ысқылағыш, бритвалы станок)
  • Кітапша, плеер, журналдар – сіздің ішіңізді пыстырмас керектінің барлығы

Сіз ауруханаға сіздермен қабылдау қажет қандай
Тікелей босанатын бөлімге сізге тек бәрінен бұрын ең керектіні алуға ғана рұқсат береді. Қалған басқаларын сізге кейін әкеле алады.

  • Газсыз су (2 бөтелке, 0,75 л)
  • Резеңке шәркелер (егер босану кезінде жаныңызда күйеуіңіз болса оған да шәркелер керек болады)
  • Мобильдік телефон зарядтағышымен бірге
  • Жұмсақ қағаз сүлгілер
  • Варикозға қарсы шұлықтар (Егер флеболог жазып берген болса)

Босанғаннан кейінгі бөлімге не апарылады

Заттар салынған сөмкені жабыңыз да, үйде нағыз көрінетін жерге іліп қойыңыз және оны күйеуіңізге немесе басқа туысыңызға нақ керекті мерзімде әкелуге тапсырып қойыңыз.

Сізге керектісі:

  • Селдір біржолғы ішкиімдер (күніне 2-3 дана) немесе ұзақ киілетін (2 дана)
  • Гигиеналық төмеселер (2-3 қорапша), мәселен, Always Ultra Super Plus немесе Night
  • Кеудеге арналған төсемелер
  • Қоректендіруге арналған бюстгальтер
  • Сусабын
  • Балалар кремі (соншалықты көп крем түтікшелерін алмас үшін сізге де, мысалы кеуде ұшына, және нәрестеге де ортақ келетіндей балалардың әмбебап кремін алыңыз)
  • Бактерияға қарсы сабын
  • Тіс щеткасы мен пастасы
  • Шаштарақ пен шашқа арналған жұмсақ резеңке
  • Кір киімдер салатын пакет
  • Халат пен түймелі ішкиімдер (аурухананың киімдерін кигіңіз келмеген болса)
  • Босанғаннан кейінгі бандаж (сізге кесарево жасалса, онда босанған соң)
  • Сүтсорғы (нағыз керекті зат, бірақ сатып ала аламасаңыз ренжімеңіз. Сізге онсыз қалай қалай әрекет ететінін айтып береді)
  • Ыдыстар: тәрелке, күрішке, қасық, шанышқы (өз ыдысыңыздан ғана ішіп-жегіңіз келсе)
  • Дымқыл әжетхана қағазы
  • Орамал (аурухананікін пайдаланғыңыз келмесе)             

Балаға не керек болады:

  • Біржолғы Pampers Premium Care жаялықтары (күніне 5-6 дана). Мөлшерлемесін таңдағанда, соңғы рет УЗИ көрсеткен салмаққа негізделіп алыңыз. Егер нәресте тым кішігірім болатын болса (2,5 кг аз болса), сізге нөлдік мөлшері керек болады, ал егер 2,5 бастап 5 кг дейін болса, онда бірінші мөлшерлі Pampers сатып алыңыз.
  • Иіссіз дымқыл сүлгілер, мысалы, Pampers Sensitive
  • Жөргек пен киім-кешек (баскиімі (2 дана), шұлықтар (2 қоспақ), кимешек, боди немесе комбинезон (2-3 дана) және қолғапшалар). Бұл ретте кейбір перзентханаларда сізге жөргек пен киімдерін өздері беруі мүмкін, сосын нәрестеге жайлы болатындай қалайша ыңғайлы құндақтауды үйретеді.
  • Емізік. Егер сіз нәрестені емізікке үйреткіңіз келетін болса, онда олардың бірнеше түрін өзіңізбен сатып алыңыз. Нәрестелер бұл тұрғыда өте таңдампаз келеді. Түрлі нысандарымен және материалдарымен сынақ жасап көріңіз

Шығарғанға не алу керек

Бұл заттарды алдын ала даярлап қойып, тек шығатын күні алдыртыңыз.

Сіз қажет болатын:      

  • Маусымына қарай киімдер мен аяқ киім
  • Косметика (егер сіз фотоға түсуге дайындалатын болсаңыз

Балаға қажет болатын:

  • боди/комбинезон
  • Баскиім,
  • Шәркілер
  • Кимешек (жеңіл әрі ауа-райына қарай болуға тиіс)
  • Құндақ (жеңіл әрі ауа-райына қарай болуға тиіс)
  • Автокөлік креслосы (егер такси шақыртсаңыз, міндетті түрде болуын талап етіңіз)

Сәтті босану мен бақытты аналық шақ тілейміз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: