1. Құқықтық ережелер
Alternative text

Құқықтық ережелер

Осы Сайтқа қол жеткізу мен оны пайдалану үшін төменде баяндалған шарттарды, сондай-ақ қолданыстағы заңдарды орындау қажет. Сіз көңіл көтеру мақсатында немесе ақпарат алу үшін осы Сайтта іздеу жасай аласыз. Әйтсе де, Біз Сізден осы Сайттың мазмұнын "Проктер энд Гэмбл" компаниясының жазбаша рұқсатынсыз таратпауыңызды, өзгертпеуіңізді, табыстамауыңызды және түзетпеуіңізді сұраймыз.

"Проктер энд Гэмбл" компаниясы осы Сайттағы немесе осы сайтпен интерактивті байланысы бар кез-келген сайттағы немесе сайттардағы ақпараттың туралығына немесе толықтығына қатысты қандай да бір кепілдіктерді бермейді және ешқандай мәлімдемелер жасамайды. "Проктер энд Гэмбл" компаниясы да, оның кез-келген филиалы да осы Сайттағы кез-келген ақпаратқа немесе осы Сайтпен интерактивті байланысы бар кез-келген сайттың немесе сайттардың мазмұнына қол жеткізудің немесе оларды пайдаланудың нәтижесінде орын алуы мүмкін кез-келген тікелей және жанама шығындар мен айыппұлдар үшін жауап бермейді.

Жеке сипаттағы ақпаратты қорғау туралы біздің мәлімдемемізде белгіленген ережелерге сәйкес біз Сізден алуымыз мүмкін жеке сипаттағы кез-келген ақпаратты қоспағанда, Сіз Интернет желісінде "Проктер энд Гэмбл" компаниясына жіберетін немесе табыстайтын кез-келген хабарлама немесе материал құпия емес және әлдекімнің меншігі болып табылмайтын ақпарат ретінде қаралады және қаралатын болады. Осы Сайтқа кез-келген хабарламаны немесе материалды бере отырып немесе жібере отырып, Сіз осы арқылы "Проктер энд Гэмбл" компаниясы немесе оның филиалдарының кез-келгені Сіздің хабарламаңызды қайта жаңғыртуды, табыстауды, жариялауды, таратуды және жіберуді қоса есептегенде, оны кез-келген мақсаттарға пайдалану құқығын иемденетіндігін мойындайсыз. Құқыққа қайшы келетін, қатер төндіретін, жала жабатын, масқара ететін, әдепсіз, порнографиялық немесе тұрпайы сипаттағы материалдарды, я болмаса қылмыстық іс немесе қандай да бір өзге заң бұзышылық ретінде қарастырылуы мүмкін тәртіпті білдіретін немесе ынталандыратын кез-келген материалды жіберуге немесе беруге рұқсат етілмейді. Сіз жіберетін немесе беретін кез-келген жеке ақпарат Жеке сипаттағы ақпаратты қорғау туралы мәлімдемеге сәйкес қарастырылатындығын есте сақтау қажет.

Арнайы келісілген жағдайларды қоспағанда, осы Сайтта кездесетін кез-келген атаулар, логотиптер және сауда белгілері "Проктер энд Гэмбл" компаниясы осы сауда белгілері бар өнімдерді сататын жерлерде "Проктер энд Гэмбл" компаниясының немесе оның филиалдарының лицензия негізінде пайдаланатын немесе иемденетін сауда белгілері болып табылады. Осы Шарттармен немесе осы Сайттың Мазмұнымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осындай сауда белгілерін немесе осы Сайттағы кез-келген өзге ақпаратты пайдалануға немесе лайықсыз пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады.

Осы құжатта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, "Проктер энд Гэмбл" компаниясының немесе авторлық құқық иесінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз материалдардың ешқайсысын электрондық, механикалық, фотокөшіру құралдары мен жазу құралдарын қоса есептегенде және бұлармен шектелместен, кез-келген құралдармен немесе кез-келген нысанда көшіруге, қайта жаңғыртуға, таратуға, қайта жариялауға, жүктеуге, компьютердің экранына шығаруға, жіберуге немесе беруге болмайды немесе кез-келген өзге жолмен пайдалануға болмайды. Дәл осылайша, "Проктер энд Гэмбл" компаниясының келісімінсіз осы Сайттағы қандай да бір материалды кез-келген басқа серверде қайталауға рұқсат етілмейді. Егер Сіз осындай материалдарға өзгертулер енгізбейтін болсаңыз және осындай материалдардағы авторлық және басқа да меншік құқығына қатысты барлық ескертулерді сақтайтын болсаңыз, осы Сайттың материалдарын жеке, коммерциялық емес пайдалану мақсатында экранға шығаруға, көшіруге, таратуға және жүктеуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, егер де олар бұқаралық ақпарат құралдары үшін тиісті пішімде ұсынылған жағдайда, материалдарды экранға шығаруға, көшіруге, таратуға, жүктеуге және/немесе қайта жаңғыртуға рұқсат етіледі.

Арнайы келісілген жағдайларды қоспағанда, осы Сайтта кездесетін кез-келген атаулар, логотиптер және сауда белгілері "Проктер энд Гэмбл" компаниясы осы сауда белгілері бар өнімдерді сататын жерлерде "Проктер энд Гэмбл" компаниясының немесе оның филиалдарының лицензия негізінде пайдаланатын немесе иемденетін сауда маркалары болып табылады. Осы шарттармен немесе осы Сайттың мазмұнымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осындай сауда белгілерін немесе осы Сайттағы кез-келген өзге ақпаратты пайдалануға немесе лайықсыз пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады.

Осы Сайттағы кез-келген материалды кез-келген жолмен рұқсатсыз пайдалану авторлық құқықтар туралы, сауда белгілері туралы заңдарды, жеке сипаттағы ақпаратты қорғау туралы және жариялылық туралы заңдарды, сондай-ақ байланыс құралдары саласындағы ережелер мен ережелерді бұзушылық болып табылуы мүмкін.