Балаларымыздың алғырлығы

Балаларымыздың алғырлығы

Сіздің нәрестеңіз күтпеген жайды жиі көрсете ала ма? Мысалы, үстелдегі нәрселерді тарта түсіреді, паркетке сурет сала бастайды, не болмаса жерде бірдеңе суретін салғысы келеді.

 

Шығармашылық — қандай адамның болмасын табиғи өзін-өзі көрсете алатындай қабілеті болады. Ал кішкентай бала үшін әлемді танудың тәсілі болып табылады.

 

Сондықтан оның сол бастамаларын үлкен де зор әрі пайдалы жағына қарай құрып алуға болады. Мысалы, ойын кезінде баламен бірге шығармашылықпен айналысыңыз. Ең қарапайым әрі қызықты шығармашылық сабақтар — сурет салу, мүсіндеу және аппликация. Мұнда балаңызөзінің дарынды жақтарын көрсете алады: саусағымен сурет салу, қарындашпен немесе бояумен жүргізу, майыстырып отырып, пластилиннен қамыр жасауды да үйренбек. Соңғы жылдары дүкендерде ең кішкентай адам баласына арналған  көптеген қауіпсіз тауарлар жетерлік.

 

Әрине, сізге балаңыздан соншалықты алғырлықпен жасалған көркем шедеврлерді күтуге әлі ерте. Есіңізде болсын, сондай ең маңызды сабақтарға қатыстыру — жаңадан қызмет жасауды үйрену, соны тану, әрі шағын моториканың дамуы мен елесте алу қабілетін шыңдайды. Бала жаңа материалды түртіп көреді, үлкендердің көмегімен не істеу керектігін біледі, оны қалайша әдемі етіп жасауға шынығады.

 

Шығармашылық сабақтарда баланы әсіресе, өзінің қол жеткізген жетістіктері шаттандырады. Ол өзінің еңбектірінің нәтижелерін көреді, оларды түртіп көріп, соны өзі жасағандығынан ләззат алады.

 

Бірақ та бала үшін нәтижесі емес, соның процессі қызықтырарлық болып табылады. Сіз оның қалайша жаңа нәрсені қызыға орындайтынын енді түсінетін боласыз. Сондықтан да сол сабақтарына, жаттығуларына міндетті түрде бірге қатысып, жағымды атмосфераны құруға атсалысыңыз. Сіз өзіңіз де балаңызбен жасаған еңбектен қуаныш пен ләззат аласыз!

 

Сурет салу

Сурет салу, кішкентай балалардың арасындағы ең көп таралған шығармашылық еңбектердің бірі болып табылады. Себебі сурет салудың көмегімен бала, өзінің ойындағысын сөзсіз-ақ жеткізіп бере алады. Егер ол қарындашты әлі ұстай білмесе, соған үйренбеген болса, өзіне керек деп таныған тәсілмен,  саусағымен де жай суреттеп бере алады. Оның үстіне сурет салу — ұнамды әрі шаттық береді, ол  бұлшықеттердің шағын моторикасын дамытады және сөздің дамуына көмектеседі.

 

Мүсіндеу

Мүсіндеу ісі анағұрлым күрделі, алайда соншалықты қызықтырмас. Егер балаға әлі қамырды немесе пластилинді өздігімен бұрап, майыстыруға өте оңай емес, сіз оған көмектесіңіз: мүсіндеуге арналған материалды қолыңызбен жылытып, беріп, иілгіш болып жұмсарғанда оның қолына ұстата аласыз. Бұдан соң балаңыз қандай да болмасын фигураны өздігімен жасап, оңай мүсіндеп бере алады. Оның үстіне мүсіндеуде көп артықшылықтар бар: шағын моториканы дамыту, саусақтарының сезімталдығын дамыту, қолдарының және иық сүйектерінің нығайып дамуы. Сонымен қатар, мұндай жұмысбаланың қолдарын суреттеуге әрі хат жазуға дайындап береді.

 

Аппликация

Көптеген ересектер, аппликация үлкендерге ғана, және ол ұқыпты балаларға ғана жарайды деп ойлайды. Алайда, бұл үлкен қателесу! Егер де сіз балаңызға аппликациялау ісімен айналысудан бас тартсаңыз, онда оны шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерінен қағыс қалдырасыз, әрине жағымды эмоцияларда жетім қалады. Сонымен қатар қаншама пайдадан қағыс қалады, ондай жаттығулар балның жалпы дамуына септігін тигізбек. Мысалы, оның саусақтары жақсырақ дамиды, ал сенсорлық сезіністер мен әсерлер нығая түседі: ол өзі еңбектенетін әрі айналысатын түстерді, тығыздықты, икемділік пен материал фактурасын тани білетін болады.

 

Шығармашылықпен айналысуда ешқандай уақытты аямаңыз. Себебі, онша ұнамсыз деп ойлаған ойындардың өзі баланың болашағына өте қатты әсер бере алады. Бәлкім, сіз өз балаңызда дарын иесін ашарсыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы