Әжетханаға үйрету – қиындықтар мен шешімдер: сулы төсек пен сулы шалбар

Әжетханаға үйрету – қиындықтар мен шешімдер: сулы төсек пен сулы шалбар

Aviva Patz

03.06.2014

Горшокқа отыруды үйрету – бұл жөргектен бас тарту ғана емес. Осы кезде баланың өмірінде көптеген жайттар болатындығын есте сақтау маңызды. Төменде кеңінен тараған үш мәселе мен олардың шешімдері келтірілген.

Түнгі шыжың


Балаңыз күні бойы құрғақ жүреді, бірақ оянғанда асты шылқылдап тұрады ма? Оның денесі қуық толып кетті деген белгіні миға жеткізу үшін әлі де толық жетілмеген болуы мүмкін.

Түнгі зәр ұстамау балаларда горшокқа үйрете бастаған алғашқы жылда жиі кездеседі. Шынын айтсақ, үш жастағы балалардың көбі айына бір рет болсын төсекке «жүгіртіп» қояды.

Шешім
Төсекті тазалап қойыңыз да, басқа ештеңе істемеңіз, әсіресе бұндай жағдай сирек орын алатын болса. Төсекті тазалауды жеңілдету үшін төсекке су өткізбейтін матрасқап жайғыңыз келетін де шығар.

Егер осындай жағдай аптасына екі-үш рет қайталанатын болса, жөргектерден ішкі киімге ауысуды жеңілдететін үйреткіш іш киімді қолдану жөнін ойластырыңыз.

Горшокқа үлкен дәретке отырудан бас тарту


Кейбір балаларға горшокқа кіші дәрет сындыру қиын емес, бірақ үлкен дәретке отыру қиыныраққа соғады. Сарапшылардың айтуынша, кейбір балалар былғанып қалудан қорқады.

Балаңызды осындай ой мазалайтын болса, әлдебір қолайсыз жағдайға түсіп қалған шығар немесе басқа баламен болғанын көріп, осы жайттан аулақ болғысы келген шығар.

Шешім
Әдетте балаңыз үлкен дәретке барғысы келген уақытқа назар аударыңыз: күндізгі ұйқыдан тұра салысымен бе немесе тамақ ішкеннен кейін жарты сағаттан соң ба – сол мезетте балаңызды горшокқа отырғызыңыз. Үлкен дәретін сындыра алса, мақтауыңызды аямаңыз! Бастысы, Сіздің даусыңыз жарқын шықсын.

«Лас» немесе «сасық» деген кері сөздерді қолдану балаңыздың ұялып кетіп, өзін жайсыз сезінуіне алып келуі мүмкін. Бәрі де үлкен дәретке отыратындығын айтып сендіріңіз. Бұл табиғи құбылыс! Егер балаңыз дәретханада үлкен дәретке отырудан бас тартатын болса, оның Сізден үлкен дәретке қысылғанда үйреткіш іш киім сұрауын ұсыныңыз.

Жолдағы оқиғалар


Үйден сырт жерде болу – ұшақта немесе қарапайым сауда орталығында болсын – горшокқа отыруды үйреніп жүрген бала үшін үлкен сынақ болып табылады, өйткені әдеттегі күн тәртібі бұзылады. Күні бойы құрғақ жүретін балалардың өздері де оқыс оқиғада «жіберіп қоюлары» мүмкін.

Шешім
Үйден шықпас бұрын балаңыздың горшокқа отырып алуын сұраңыз. Үйден сырт жерде болғанда балаңызға кем дегенде сағатына бір рет дәретханаға бару мүмкіндігін беріңіз, сондай-ақ, Сіз жүрген жерден кетпес бұрын барып келуіне жағдай жасаңыз. Қандай жағдай болмасын өзіңізбен бірге ауыстыратын таза киімді алып жүріңіз!

Сабыр сақтаңыз, уақыт келе бала горшокқа отыруды үйренеді, табанды болыңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: