at-pampers-safety-begins-with-inception

Pampers пайда болған сәттен бастап қауіпсіздіктің қамын ойлайды

Ата-аналар баласына арнап қандай да бір өнімді қолданғанда қауіпсіздіктен де артық анағұрлым маңызды жайттарды ескеру қажет. Pampers бірінші орынға бала мен жанұялардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қояды, сондықтан өнімдеріміздің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қол үзбестен еңбек етуде.

Балалар ылғалды сулықтары қазіргі уақытта көп қолданатын болғандықтан P&G компаниясы Pampers балаларға арналған ылғалды сулықтарының айтарлықтай қауіпсіздігін жан-жақты көрсетті.

Қауіпсіздік өнім пайда болған мезеттен басталады

Pampers ойынша, қауіпсіздік өнімді әзірлеудің басынан бастап-ақ қамтамасыз етілуі тиіс, және біз теріні тітіркендірмейтін жұмсақ әрі нәзік ылғалды сулықтарды өте мұқият түрде әзірлеп, жасаймыз. Pampers балаларға арналған ылғалды сулықтарында қолданылатын құрауыштар, сондай-ақ теріге күтім жасауға арналған басқа да құралдарда жиі қолданылады және терінің барлық түрлеріне қолдануда өздерінің қауіпсіз екенін бұрыннан-ақ көрсете білді.

Одан басқа, теріге жағымды тоқылмаған материалдың өзі жасалатын полимерлік микроталшық толық қауіпсіз деп есептеледі және құрамында уытты элементтер жоқ. 

Pampers қауіпсіздігін сынақтан өткізудің сенімді процесі

Pampers барлық метариалдары мен өнімдері бала терісіне тимес бұрын қауіпсіздік пен сапаның мұқият бақылауынан өтетіндігіне кепілдік береміз. Құрауыштарының қауіпсіздігін сынақтан өткізгенде қатерді бағалаудың Ұлттық Ғылым Академиясымен және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен бекітілген жалпыға танымал қағидаларын ұстанамыз (қауіптерді анықтау, салдардың әсер етуін бағалау, мөлшер мен жауапты реакция арасындағы өзара байланысты бағалау және қауіп сипаттамаларын сипаттау).

Қолдану барысында терінің жоғары сезімталдығын немесе тітіркенуін тудыруы мүмкін кез келген химиялық заттарды жою үшін құрауыштардың қасиеттері, сонымен бірге қауіпсіздік пен терімен үйлесімділік жөніндегі кез келген қолжетімді ақпарат та, толық көлемде бағаланды. Осындай бағалаудан кейін Pampers сулықтардың қауіпсіздігін қосымша түрде дәлелдеу үшін ересектер мен балаларға клиникалық сынақтар өткізеді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: