Ensuring-Quality-in-the-Lab-and-in-the-Home

Зертханадағы және үйдегі сапа кепілдігі

Балалар сулықтарын сынақтан өткізудің кешенді стратегиясының соңғы қадамы сулықтарды үй жағдайларында қолданатын ата-аналардан келіп түсетін қауіпсіздік бойынша ескертулердің мониторингі, жазып алу және кейіннен шаралар қолдану болып табылады.

Осы кезеңде жиналған деректер тұтынушылармен тұрақты кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді, бұл Pampers-ке барлық мәселелерден хабардар болып, өнімнің сапасы мен тұтынушылардың қанағаттануын жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұған әрбір өнімде жергілікті байланыс деректерін (мысалы, тегін телефон нөмірі немесе жергілікті мекен-жайды) көрсету арқылы қол жеткізіледі. Сатып алушылармен жұмыс істейтін жіне қауіпсіздік мәселелері бойынша білікті қызметкерлер адамдардың барлық жүгінген жағдайларын бақылайды, сонда қауіпсіздіктің кез келген болжамды мәселелерін қарастыру және алдағы уақытта шешімін табу қамтамасыз етіледі. Сирек жағдайларда аллергияның нәтижесі болып табылатын тері тітіркенуін сезген тұтынушыға аллергияның бар-жоғына тексерілу ұсынылады.

Әрбір бөлшекті жақсарту
Балалардың сулықтары бастапқыда ата-аналар үшін ыңғайлы тазартқыш өнім ретінде жасалғаннан бері сапалық эволюциядан өтті, соның ішінде қаптамасы жетілдірілді. P&G ыңғайлы да, тиімді қаптаманы қамтамасыз ететін ғылыми әзірленімдерді орындау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.

Қаптаманың негізгі мақсаты сулықты қолдану мерзімі барысында оның жаңа күйі мен басқа да қасиеттерін сақтай отырып, қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Сулықтағы лосьонның құрамы 97 пайыз судан тұратындықтан, қаптама ылғалды барынша көп ұстап тұруды қамтамасыз ететіндей жасалған. Бұл сулықтың, құрғақ, жылы климат жағдайларында, тіпті, 30 ай сақтаған соң да, ылғалдығын сақтауға мүмкіндік береді. Арнайы полимерлік үлдір иілгіш, жабыстыруға жарамды және ылғалдың буланып кетуіне жол бермейтіндей етіп жасалған.

Сулықтар қаптамасының басқа да маңызды элементі сулықты қаптамадан оңай алу мүмкіндігі болып табылады. “Рop-up” қаптамалау техникасы уақытты үнемдей отырып, өнімнің артық шығындалуына жол бермей, сулықты дұрыс пайдалануға көмегін тигізеді.

Үздіксіз зерттеулер қазіргі балалардың және болашақтағы ұрпақтардың бақытына, саулығына арналған өнімдерді өндіруге компанияның мақсаткерлігін бекіте отырып, Pampers Балалар сулықтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін бір деңгейде ұстап тұрады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: