Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Pampers үшін бөбегіңіздің бақытты болып, аман-сау дамуынан артық ешнәрсе жоқ. Көптеген жылдар бойы біз бір рет пайдаланылатын жөргектерді әзірлеу мен тері саулығы саласындағы зерттеулердің көшбасшысы болып келеміз. Сіз Pampers жөргектерін, трусиктері мен сулықтарын батыл пайдалана беруіңіз үшін біз сізге қажетті ақпараттың бәрін беруге дайынбыз.

Осы жерден сіз ата-аналардың бізге жолдайтын жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар таба аласыз. Егер іздегеніңізді таппай, Pampers өнімі туралы сұрақтарыңыз әлі де бар болса, онда бізге 8 800 080 50 52 телефоны бойынша хабарласыңыз.

  • Pampers құрауыштары бөбектер үшін қауіпсіз бе?
  • Иә. Pampers бүкіл өнімі дерматологтармен сыналған және күн сайын 25 миллион бөбектің ата-анасымен қауіпсіз қолданылады. Pampers өнімінде (жөргектер мен трусиктерден бастап сулықтарға дейін) қолданылатын барлық материалдар бөбектерге қауіпсіз және жұмсақ әсер ету тұрғысынан мұқият тексеруден өтеді. Pampers бөбектер үшін қауіпсіздігі расталған құрауыштарды ғана қолданады. Бұл Pampers ұсынған қауіпсіздік кепілдігі.

  • Сіз өнімдеріңіздің құрауыштарын қалай таңдайсыз?
  • Pampers жөргектер, трусиктер мен сулықтарды өндіру үшін әр құрауышты қауіпсіздік көрсеткіштеріне және бөбектің терісін құрғақ және сау ұстаудың тиімділігіне негізделіп, мұқият іріктейді. Әзірлеудің әр сатысында біз әрбір құрауышты бөбегіңіздің терісіне тигізбес бұрын, оның қауіпсіздігін тексеріп аламыз. Біз бөбектер үшін қауіпсіздігі расталған құрауыштарды ғана қолданамыз.

  • Pampers жөргектерінде қолданылатын бояғыш заттар бөбегімнің терісі үшін қауіпсіз бе? Сіздер дисперсиялық бояуларды қолданасыздар ма?
  • Pampers жөргектерінде қолданылатын бояғыш заттар қауіпсіз, гипоаллергенді пигменттер қауіпсіздікке мұқият тексеруден өткен. Олар нәрестелер мен балалар үшін қауіпсіз, және жанаспалы линзалар өндірісі мен азық-түлік өнімдерінің қаптамасы үшін жиі қолданылады. Біздің жағдайда олар жөргектерге қызықты суреттер мен жөргектердің түрлі бөлшектерін белгілеу үшін қолданылады. Pampers өнімінде дисперсиялық бояулар қолданылмайды.

  • Pampers өніміне хлор қосыла ма?
  • Pampers жөргектерге хлор қоспайды. Біз хлорсыз ағартуды қолданамыз.

  • Pampers жөргектері хош иістендірілген бе?
  • Болар-болмас мөлшердегі хош иіс жөргектің ішкі қабатына оған жағымды иіс беру үшін қосылады. Хош иістендіргіш заттар мұқият іріктеуден, толық тексеруден өткен және оларды қолдану қауіпсіздігі расталған. Pampers жөргектерінде қолданылатын хош иістендіргіш заттар бөбектің терісі үшін қауіпсіз, аллергиялық реакцияны және терінің тітіркенуін тудырмайды.

  • Pampers сулықтары бөбегімнің терісіне жеткілікті түрде жұмсақ бола ма?
  • Pampers бүкіл өнімі дерматологтармен сынақталған, және оның тіпті сезімтал теріге әсерінің жұмсақтығы клиникалық түрде дәлелденген. Зерттеулер Pampers сулықтары балалар үшін қалыпты рН деңгейін сақтайтынын және теріні су мен сүлгіге қарағанда жұмсақ тазартатынын көрсетті.

  • Pampers сулықтарымен бөбегімнің беті-қолын сүрту қауіпсіз бе?
  • Иә. Pampers сулықтары балалар алаңында, баланы тамақтандыруға арналған орындықта немесе жөргектеу үстелінде - қай жерде қолдансаңыз да, кез келген нәрсені ұқыпты және тиімді кетіреді. Pampers сулықтары басында жөргектерді ауыстыру кезінде теріні тазартуға арналғанына қарамастан, оларды дененің басқа бөліктерін, соның ішінде бетті тазарту үшін, сонымен қатар жөргекті ауыстырған сайын да қолдануға болады. Олар дерматологтармен сыналған.

  • Pampers Sensitive сулықтарында хош иістендіргіштер бар ма және олар гипоаллергенді ме?
  • Иә. Pampers Sensitive сулықтарында хош иістендіргіштер жоқ. Олар дерматологтармен сыналған және олар теріге жай мақта мен су сияқты жұмсақ әсер ететіні клиникалық дәлелденген.

  • Полипропилен деген не, және ол балалар жөргектерінде не үшін қолданылады?
  • Полипропилен – текстиль өнеркәсібінде, мысалы спорт киімі өндірісінде, сонымен қатар тұтыну тауарларын және жеке гигиена заттарын үлкен мөлшерде өндіру кезінде кеңінен қолданылатын, жұмсақ, жоғары сапалы талшық. Pampers жөргектерінің барлық басқа құрауыштары сияқты полипропиленді біз қауіпсіздігі дәлелденгендіктен қолданамыз. Ол сондай-ақ бөбекке ыңғайлылық пен жайлылықиы қамтамасыз ету мен құрғақтық сезімін беру үшін әзірлемелеріміздің ажырамас бөлігі болып табылады.

  • Петролатум деген не, және ол балалар жөргектерінде не үшін қолданылады?
  • Петролатум терінің саулығын сақтау үшін жөргектің үстіңгі қабатына жағылатын лосьонның бір бөлігі ретінде қолданылады. Біз жоғарғы - фармацевтикалық дәрежеде тазартылған петролатумды қолданамыз.
    Петролатум әр түрлі гигиеналық далаптарда, ерін бальзамдары мен тері күтіміне арналған медицина құралдарында қолданылады.

  • Менің бөбегімнің жөргектерінде неге жабысқыш заттар қолданылған? Бұл қауіпсіз бе?
  • Жабысқыш заттар жөргектерде оның ішіндегісін ұстатуды қамтамасыз ету үшін барлық қабаттарын жалғау үшін қолданылады. Жабысқыш заттар бөбектің терісіне тимейді. Барлық жабысқыш заттар бөбегіңізге қауіпсіз және тиімді болатындай мұқият тексеруден өткен.

  • Pampers өнімінде табиғи каучукты латекс қолданыла ма?
  • Жоқ. Біз табиғи каучукты латексті қолданбаймыз.

  • Pampers өнімінде формальдегид қолданыла ма?
  • Жоқ. Біз формальдегидті қолданбаймыз.

  • Pampers өнімінде парабендер қолданыла ма?
  • Жоқ. Біз парабендерді қолданбаймыз.

Егер сізде Pampers өніміне қатысты сұрақтар немесе ескертулер туындаса, бізбен байланысуыңызды өтінеміз 8 800 080 50 52. Рахмет!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: