Қауіпсіздікті тексеру; Pampers жөргектері, трусиктері және сулықтары

Қауіпсіздікті тексеру; Pampers жөргектері, трусиктері және сулықтары

Pampers жөргектерінің, трусиктер мен сулықтарының құрамына кіретін құрауыштар мұқият тексеруден өтеді, және олардың қауіпсіздігі дәлелденген. Сол сияқты олар 25 миллиондай сәбидің ата-анасы күн сайын қолданатын көптеген жөргекте қолданылады.

Біз өнімімізді жаңартқан сайын қауіпсіздікке мұқият тексерілген құрауыштарды ғана пайдаланамыз.

Мысалы, біз Pampers Baby Wipes сулықтарымыздың құрамына кіретін лосьонға терінің реакциясын тексереміз. Бұл терінің лосьонға да, ақырғы өнімге де реакциясын бағалауға мүмкіндік береді.

Біздің сынақтарға терінің әр түрлі құралдарға, соның ішінде жуғыш құралдарға, парфюмерияға, жеке гигиена заттарына, антиперспиранттар немесе дезодоранттарға, теріге арналған крем және лосьондарға сезімталдығы расталған ересек адамдар қатысады.

Біз терінің шағын бөлігіне сулықтарға арналған лосьонды жағамыз немесе сулықтардың өзін қолданамыз, содан кейін оның реакциясын тазартылған сумен немесе физиологиялық ерітіндімен өңделген тері бөліктерімен салыстырамыз.
Осы тест тұтынушылық тауарлар өндіретін компаниялармен көптеген жылдар бойы қолданылып келеді. Тері аллергиясына сынамаларды зерттеу Pampers Baby сулықтарының теріге жұмсақтық бойынша әсері суға жақын екендігін және тітіркендіруді тудырмайтынын көрсетті.

Бұл клиникалық сынақтар әдетте ересектерге жасалатынына қарамастан біздің сарапшыларымызда өнімдерімізді сәбилерге қолданудан әсерлер туралы мәліметтердің кең базасы бар. Соңғы он жылда Pampers сулықтарын тіпті терісі сезімтал балалар үшін де қауіпсіздігін, тиімділігі мен жұмсақтығын көрсететін зерттеулер мен талдаулар нәтижелерінің көптеп жарияланған болатын. Дерматологтардың бақылауымен жасалған біздің зерттеулер сулықтарымызды қолдану теріге ағынды су мен сүлгі қолданудан гөрі жұмсақ әсер ететіні бірнеше рет дәлелденген.

Еуропалық Дерматология және венерология академиясының Журналында 2001 ж. жарияланған зерттеуде сулықтар қаттылық бағаны бойынша 0-ден 3-ке дейінгі төменгі балл алды, мұндағы 0 – қаттылықтың жоқтығы, ал 3 – артық қаттылық (тазартқыш құралы бар судағы 1,019 салыстырғанда сулықтарда 0,831).

Pampers өнімінің қауіпсіздігіне ауқымды сынақ жүргізудің қорытынды сатысы – біздің өнімімізді үйде қолданатын ата-аналардың қауіпсіздікке байланысты берген пікірлерін бақылау мен қадағалау.

Біздің өнімді қолданатын отбасылардың пікірін естігіміз келеді, және де бізде қоңыраулар мен электрондық хаттарға жауап беретін, тұтынушылармен жұмыс істейтін мамандардың тұтас бір штаты бар. Біз тұтынушылардың кері байланысын бағалаймыз, өйткені ол бізге мәселелі сұрақтар туралы біліп, өнім сапасының жоғарғы деңгейін және тұтынушылардың ризашылығын сақтап отыруға мүмкіндік береді.

Біздің сапа бақылау мен өнімді әзірлеу бойынша мамандарымыз процесстің үздіксіздігін қолдау мақсатында клиенттермен жұмыс істейтін мамандар командасымен тығыз әрекеттеседі: тұтынушылармен кері байланыс, өнім сапасын тексеру және сапасын арттыру.

Егер сізде Pampers өніміне қатысты сұрақтар немесе ескертулер туындаса, бізбен кез келген уақытта байланысыңыз. 8 800 080 50 52. Рахмет!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: