Трусиктер жайлы

Созылғыш белдік 360°

Қызықты суреттер

Беткі қабат

Жабысқақ заттар

Созылғыш манжеттер

Лосьон

Сіңіргіш арналар*

Менің бөбегімнің жөргектері неден жасалған?

Pampers мамандары жөргектерді жасап шығару үшін әр құрауышты жеке іріктеп алады, бұл ретте олардың қауіпсіздігіне және бөбектің терісінің құрғақтығы мен саулығын сақтаудағы жоғары тиімділігіне жасалған зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.

ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛДІГІ

Pampers бүкіл өнімі мен материалдары бөбектің терісіне тигенге дейін қауіпсіздік пен тиімділігін бағалау тұрғысынан мұқият тексеруден өтеді. Өнім қауіпсіздігін бағалау процессі мен біздің Pampers өнімін жасап шығарғанда нені қолданбайтынымыз туралы көбірек біліңіз.

Сіз білесіз бе… Pampers бөбектердің бақытты және сау дамуын ойлау қамына олардың өсіп жатқан ортасының қамын ойлау кіретінін түсінеді. Біз өніміміздің және оның қаптамасының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды үнемі ендіріп отырамыз. Осы жерде сіз қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің саясатымыз туралы көбірек біле аласыз.

  • Жабысқақ заттар
  • Целлюлоза
  • Ол не?
    Ағаш* массасынан алынған жұмсақ түкті талшықтар ылғалды сіңіруге көмектеседі. Целлюлоза жөргектердің ішкі қабатының өзекті құрауышы болып табылады, несеп пен сұйық дәретті сіңіріп, ұстап тұрады.
    Сіз білесіз бе?
    Pampers жөргектерге хлор қоспайды және жөргектегі талшықтарды тазарту кезінде хлорды қолданбайды.

  • Резеңкелі жиектеме
  • Ол не?
    Резеңкелі жиектеме – жөргектерді созылғыш ету үшін және олардың ұстап тұратын қасиеттерін жақсарту үшін қолданылатын созылатын материал. Pampers өнімдерінде латекс қолданылмайды. Біздің өнімімізде сол сияқты табиғи каучук та жоқ: біз не жасанды каучукты, не басқа технологияларды пайдаланамыз.
    Сіз білесіз бе?
    Резеңкелі жиектеме киім, спорт костюмдерін және шұлықтарды, соның ішінде балаларға арналған шұлықтар мен киімдерді өндіру кезінде тігін өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

  • Хош иіс бергіш (Хош иістендіргіш зат)
  • Ол не?
    Жөргекке жағымды иіс беру үшін өте шағын мөлшерде оның ішкі қабатына қосылады. Хош иістендіргіш заттар мұқият іріктеуден және толық тексеруден өтеді, және оларды қолданудың қауіпсіздігі расталған. Pampers жөргектерінде қолданылатын хош иістендіргіш заттар бөбектің терісі үшін қауіпсіз, аллергиялық реакция тудырмайды және теріні қызартпайды.
    Сіз білесіз бе?
    Хош иістендіргіш заттар Pampers жөргектерінде 20 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді.

  • Пигменттер
  • Ол не?
    Pampers жөргектеріндегі бояғыш заттар қауіпсіз. Біз жөргектерде қызықты суреттерді және түрлі бөліктерін белгілеу үшін гипоаллергенді пигменттер қолданамыз. Пигменттер тіпті жанасқан кезде де тері арқылы өтпейді. Pampers өнімдерінде дисперсиялық бояғыштар қолданылмайды.
    Сіз білесіз бе?
    Пигменттер тауарлардың кең аасортиментінде, соның ішінде тағамдық өнімдердің қаптамаларында, жанаспалы түсті линзаларда, маталарда, ойыншықтарда, қағазда, мектеп борында және қарындаштарда қолданылады.

  • Полиэтилен және полипропилен
  • Ол не?
    Тұтынушылық тауарларда қауіпсіз қолдану тарихы бар жұмсақ жоғары сапалы талшықтар. Олар бөбекке жайлылықты қамтамасыз ету үшін және жөргектердің ең жақсы қасиеттерін қамтамасыз ету үшін жөргектердің құрамына кіреді.
    Сіз білесіз бе?
    Полиэтилен және полипропилен текстильді өнеркәсіпте, мысалы, спорт киімін өндіруде, сонымен қатар тұтынушылық тауарлар мен жеке гигиена заттарын жасап шығаруда кеңінен қолданылады.

  • pH-сізімтал материал
  • Ол не?
    Ылғалдың ықпалына әсер ететін материал. Осы материалдан жасалған жолақ несеп тиген кезде түсін өзгертеді және ата-аналарға бөбектің жөргегін қашан ауыстыру керектігін анықтау үшін көмектеседі.
    Сіз білесіз бе?
    Жөргектегі осы жолақтың несептің жөргек бетіне тигендігін анықтау қағидасы тура сіздің мектептегі химия сабақтарында тәжірибе жасаған әмбебап қағаз индикаторының қағидасымен бірдей.

  • Полиэстер
  • Ол не?
    Полиэстер ылғалды сіңіретін және бөбектің жайлылығын қамтамасыз ететін жұмсақ талшық болып табылады.
    Сіз білесіз бе?
    Полиэстер жылу оқшаулағыш киімді, жиһазды және медициналық қызметкерлерге арналған киімді өндіру кезінде қолданылады.

  • Полиакрилді полимерлер
  • Ол не?
    Бұл құрғақ күйінде қант түйіршіктеріне ұқсайтын суперабсорбциялағыш полимерлер деген атпен белгілі мөлдір ұсақ түйіршіктер. Суланғанда олар ылғалды теріге қайта тигізбей, оның құрғақтығын қамтамасыз етіп, сұйықтықты іште сенімді ұстап тұратын гельге айналады.
    Түйіршіктерді абайсыз жұтып қойған кезде де олардың қауіпсіздігін көрсететін 400-ден астам зерттеу жүргізілді.
    Сіз білесіз бе?
    Бір түйіршік өз салмағынан 30 есе артатын сұйықтықты ұстап тұруға қабілетті!

  • Петролатум (Лосьонның құрауышы)
  • Ол не?
    Ылғалдан қорғау үшін жеке гигиена заттарының құрамында жиі қолданылады. Жөргектерде ол терінің саулығын сақтау мақсатында лосьонның бір бөлігі ретінде қолданылады. Біз жоғары фармацевтикалық тазалық дәрежесі бар тазартылған петролатумды қолданамыз.
    Сіз білесіз бе?
    Петролатум түрлі гигиеналық далаптарда және тері күтіміне арналған медициналық құралдарда қолданылады.

  • Стеарил спирті (Лосьонның құраушысы)
  • Ол не?
    Стеарил спирті сүртетін спирттен және басқа да кептіргіш спирттерден өзгеше және өзінің эмульгирлегіш қасиеттері үшін кеңінен қолданылады. Жөргектерде ол терінінің саулығын сақтау мақсатында лосьонның бір бөлігі ретінде қолданылады.
    Сіз білесіз бе?
    Бала терісін тазарту үшін арналған кейбір құралдардың және жөргек астына жағатын кремдердің құрамына кіреді. Сол сияқты фармацевтикалық және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

  • Вазелин майы (Лосьонның құрауышы)
  • Ол не?
    Бұл терінің су теңгерімін сақтау үшін қолданылатын майлы құрауыш. Жөргектерге арналған лосьонда ол алоэ сығындысының қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады. Көптеген жылдар бойы қауіпсіз қолданылып келеді.
    Сіз білесіз бе?
    Фармацевтикалық және косметикалық құралдардың өндірісінде кеңінен қолданылады.

  • Алоэ вера жапырақтарының сығындысы (Лосьонның құрауышы)
  • Ол не?
    Алоэ вера деген атпен белгілі болған Aloe Barbadensis өсімдігінің жапырақтарынан алынатын әйгілі сығынды.
    Сіз білесіз бе?
    Алоэ жапырақтарының сығындысы көптеген мөлшерде косметикалық құралдарда, мысалы, ылғалдандырғыш крем немесе сабын құрамында қолданылады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: