Менің бөбегімнің сулықтары неден жасалған?

Pampers сулықтары туралы

Тоқыма емес материал

Су негізіндегі лосьон

Су негізіндегі лосьон

Су негізіндегі лосьон

Су негізіндегі лосьон

Менің бөбегімнің сулықтары неден жасалған?

Жөргекті ауыстыратын уақыт келгенде, ұқыпты тазартудың маңызы зор. Pampers сулықтары – тері күтіміндегі және балалар өнімін дайындаудағы көп жылғы тәжірибенің нәтижесі, сондықтан олар сондай жұмсақ әрі тиімді. Біздің сулықтар дерматологтармен сыналған. Зерттеулер Pampers балалар сулықтары бөбектің тері саулығын сақтауға көмектесетінін және оны су мен сүлгіден жұмсағырақ тазартатынын көрсетеді.

Біздің өнімдеріміз үйіңізге келіп түспес бұрын, қауіпсіздік пен тиімділікке мұқият бағалаудан өтеді. Қауіпсіздікті бағалау процессі туралы және Pampers өнімдерінің құрамына ненің кірмейтіні туралы көбірек біліңіз.

  • Полипропилен
  • Қалпына келтірілген Целлюлоза
  • Бұл не?
    Тігін өнеркәсібінде қолданылатын жұмсақ түкті талшықтар бөбектің көтенінен ылғалды сіңіріп алуға көмектеседі.
    Сіз білесіз бе?
    Pampers сулықтарға хлор қоспайды және сулықтағы талшықтарды тазарту кезінде хлорды қолданбайды.

  • Хош иістендіргіш (Хош иістендіргіш зат, Лосьонның құрауышы, тек хош иістендірілген сулықтарда ғана қолданылады)
  • Бұл не?
    Өте аз мөлшерде ғана сулықтарға жағымды иіс беру үшін лосьонға қосылады. Хош иістендіргіш заттар мұқият іріктеуден және толық тексеруден өтеді, және оны қолдану қауіпсіздігі расталған. Pampers сулықтарында қолданылатын хош иістендіргіш заттар бөбектің терісі үшін қауіпсіз, аллергиялық реакция тудырмайды немесе теріні тітіркендірмейді.
    Сіз білесіз бе?
    Хош иістендіргіш заттар сулықтарда 20 жылдан астам қолданылып келеді.

  • Полиэстер
  • Ол не?
    Полиэстер ылғалды сіңіретін және бөбекке жайлылық беретін жұмсақ талшық болып табылады.
    Сіз білесіз бе?
    Полиэстер жылу оқшаулағыш киімді, жиһазды, жастықтарды және медициналық қызметкерлерге арналған киімді өндіру кезінде қолданылады.

  • Органикалық мақта (тек қана Aqua Pure құрамында)
  • Бұл не?
    Мақта – табиғи түрде өсірілген және өздерінің жұмсақтығы мен сіңіргіш қасиеттерінің арқасында текстильді бұйымдарда қолданылатын талшықтар.
    Органикалық – зиянкестермен күресте, топырақты өңдеуде және өндірістің жалпы стандарттарында қолданатын құралдарға қатысты қатаң ережелерге сәйкес өңделетін материалдарға жататын термин.
    Сіз білесіз бе?
    Фермерлік жерлер органикалық дақылдарды жинауға дейін 3 жыл бойы тыйым салынған заттармен өңделмеуі тиіс.

  • Тазартылған су (лосьонның құрауышы)
  • Что это?
    Лосьонның 97 пайызынан астамы судан тұрады, ол бөбектің терісінен ластануды да, несеп қалдықтарын да ерітіп, кетіруге көмектеседі.
    Сіз білесіз бе?
    Жер бетінің 70 пайызынан астамы судан тұрады.

  • Лимон қышқылы (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Көптеген цитрустарда бар және көптеген өнімдердің, тері күтіміне арналған құралдар мен косметикада қышқылдық диапазонында рН буферлеу үшін қолданылады. Pampers сулықтарында pH буферлер сәби терісінің табиғи рН теңгерімін сақтауға көмектеседі.
    Сіз білесіз бе?
    Лимон қышқылы тамаққа және тіпті суға жиі қосылады.

  • Полиэтиленгликоль - 40 Гидрогенделген үпілмәлік майы (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Теріге эмульгатор және кондициялағыш құрауыш ретінде әсер ететін, бөбектің көтенінен майлы кірді алуды жеңілдететін түрлендірілген май.
    Сіз білесіз бе?
    Полиэтиленгликоль майлары сол сияқты текстильді өнімдерде, жеке гигиена заттарында және тағам өнімдерінде қолданылады.

  • Натрий цитраты (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Лимон қышқылы сияқты натрий цитраты цитрустарда болады және тері күтімінің құралдарында рН буферлеу үшін қолданылады. Pampers сулықтарында pH буферлер бөбек терісінің табиғи рН теңгерімін сақтауға көмектеседі.
    Сіз білесіз бе?
    Натрий цитраты А дәрумені сияқты антиоксидант болып табылады!

  • Сорбитан каприлат (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Сорбитан каприлат, консерванттар тобының бір бөлігі ретінде, көптеген косметикалық өнімдердің сапасын сақтауға ықпал ететін эмульгатор болып табылады. Pampers сулықтарындағы консерванттар бөбектің терісі үшін қауіпсіз екендігі, сонымен қатар сулықтардың жаңа күйін сақтайтыны және ашық қаптамада айқас ластанудың алдын алатыны дәлелденген.
    Сіз білесіз бе?
    Сорбитан каприлат далап өндірісінде қолданылады.

  • Натрий бензоаты (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Натрий бензоаты микробиологиялық ластанудың алдын алатын консервант ретінде әсер етеді. Pampers сулықтарындағы консерванттар бала терісі үшін қауіпсіз болып табылатыны, сонымен қатар олардың жаңа күйін сақтайтыны және ашық қаптамада айқас ластанудың алдын алатыны клиникалық дәлелденген.
    Сіз білесіз бе?
    Натрий бензоаты сол сияқты тағамдық өнімдерде де қолданылады.

  • Қос натрийлі ЭДТК (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Көптеген косметикалық құралдардың және бала күтімі бойынша құралдардың сапасын сақтауға көмектеседі. Pampers сулықтарындағы консерванттар бала терісі үшін қауіпсіз болып табылатыны, сонымен қатар олардың балғындығын сақтайтыны және қаптама ашық кезінде микробиологиялық ластанудың алдын алатыны клиникалық дәлелденген.
    Сіз білесіз бе?
    Қос натрийлі ЭДТК тағамдық өнімдерде кеңінен қолданылады.

  • Бис - полиэтиленгликоль / полипропиленгликоль - 16/16 Полиэтиленгликоль / полипропиленгликоль -16/16 Диметикон (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Бөбектің терісінің күйін жақсартуға арналған теріні жұмсартатын силиконды құралдар мен эмульгаторлар.
    Сіз білесіз бе?
    Сіз осы құрауыштарды лосьондар мен жеке гигиена заттарынан таба аласыз.

  • Ксантан шайыры (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Сулықтың текстурасын жақсартуға қолданылатын және сәби терісіне нәзік жанасуды қамтамасыз ететін табиғи материал.
    Сіз білесіз бе?
    Ксантан шайыры тіс пастасында және тағамдық өнімдерде, соның ішінде кетчупте қолданылады!

  • Пентадекалактон (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Пентадекалактон әдетте иістерді бейтараптандыру үшін косметикалық құралдарда қолданылады.
    Сіз білесіз бе?
    Пентадекалактон көптеген сүтқоректілер шығаратын табиғи феромон болып табылады.

  • Дипропиленгликоль (Лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Дипропиленгликоль – лосьонның сулықта тұрақтылығын және біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын құрауыш.
    Сіз білесіз бе?
    Дипропиленгликоль қоюландырғыш немесе тұрақтандырғыш ретінде жиі қолданылатын тағамдық құрауыш болып табылады.

  • Каприлді/капринді триглицерид (лосьонның құрауышы)
  • Бұл не?
    Кокостан жасалады, бөбектің терісі үшін кондициялағыш құрауыш ретінде әсер етеді.
    Сіз білесіз бе?
    Аталған құрауыш ылғалдандырғыш кремдерде қолданылады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: