Pampers жөргектері мен сулықтарының құрамына не кірмейді?

Pampers жөргектері мен сулықтарының құрамына не кірмейді?

Pampers үшін сіздің бөбегіңіздің бақытты және аман-сау дамуынан ешнәрсе маңызды емес. Сондықтан біз Pampers жөргектерін, трусиктерін және сулықтарын өндіру кезінде құрамына қандай құрауыштар қосатынымыз, ал қандайын қолданбайтынымыз туралы сөз қозғағанда, Pampers қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ету қағидаларын қатаң ұстанамыз. Pampers бүкіл өнімі мұқият сынақтан өткен және қауіпсіз құрауыштардан дайындалған. Біз қолданатын материалдар қауіпсіз және балалар өнімі өндірісінде кеңінен таралған, және күн сайын дүниежүзі бойынша 25 миллион бөбектің ата-анасымен қауіпсіз қолданылып келеді.

Pampers қауіпсіздік кепілдігі

Pampers қауіпсіздік кепілдігі:

  • Check Баланың бақытты, дені сау дамуы - біздің басты басымдығымыз
  • Check Pampers бүкіл өнімі және материалдар дерматологтармен сынақтан өткізілген, сонымен қатар бөбектің терісіне жанаспас бұрын, қауіпсіздік пен тиімділікке мұқият бағалаудан өтеді.

Біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедурамыз Pampers өнімінің қауіпсіз және ұқыпты әсер ететінінің кепілдігі болып табылады.

Жаңа жөргекті дайындау процессінің алдында біз балаларға арналған өнімдерде пайдалануға қауіпсіз болатын құрауыштарды таңдаймыз. Pampers бөбектер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық құрауыштарды, материалдарды, процесстерді және ақырғы өнімді мұқият бағалайды. Біз дүниежүзі бойынша жетекші ұйымдармен белгіленген дүниежүзілік жоғары және қатаң қауіпсіздік стандарттарын ұстанамыз.

Jennifer Counts, Ph.D.

"Біз бөбектердің денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз. Ғылыми маман және білікті токсиколог бола отырып, мен Pampers өнімі қауіпсіз, бөбектер үшін қолайлы және тиімді екендігіне кепілдік беру үшін талмай жұмыс істеп келемін. Екі қыздың анасы ретінде мен Pampers қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етудің маңызды екенін өз басым жете сезінемін. Мен өнімдеріміздің қауіпсіздігіне және барлық стандарттардың сақталатынына кәміл сенемін".

Дженнифер Каунтс, ғылымдар кандидаты
Pampers брендінің ғылыми қызметкері және ана

Pampers өнімінің құрамына не кірмейді

Ата-аналардың Pampers жөргектері мен сулықтарының құрамына не кірмейді деген жиі қоятын сұрақтарына жауап беру үшін біз олардың құрамына кірмейтін заттардың тізімін жасадық*.

Егер Pampers өнімі туралы сұрақтарыңыз бар болса, жиі қойылатын сұрақтар парақшасына кіріңіз немесе 8 800 080 50 52 телефоны бойынша хабарласыңыз

- Бисфенол A

- Диоксиндер

- Дисперсялық бояғыштар

- Хлор

Pampers жөргектерді өндіру кезінде хлор қоспайды және жөргектегі талшықтарды тазарту кезінде құрамына хлор кірмейтін процесті қолданады.

- Этанол/Спирт

Pampers жөргектері, трусиктері мен сулықтарының құрамында спирт жоқ, яғни, этанол мен изопропил (немесе сүртетін спирт) жоқ. Спирттердің бұл түрлері бөбектің сезімтал терісін құрғатып жіберуі мүмкін.

- Табиғи резеңкеден жасалған латекс

- Қорғасын және сынап сияқты ауыр металлдар

- Қалайы органикалық заттар

- Полициклдік хош иістендіргіш көмірсутектер (ПХК)

- Пестицидтер

- Парабендер (төменде аталған консерванттарды қараңыз)

- Фенол

- Поливинилхлорид (ПВХ)

- Ерекше консерванттар

Pampers жөргектерінде консерванттар қолданылмайды. Біз сулықтардың тазалығы мен жаңа күйін сақтау үшін консерванттарды мұқият іріктейміз. Біз метил-4-изотиазолин-3-он немесе хлор-2-метил-4-изотиазолин-3-он; формальдегид немесе формальдегид шығаратын заттарды; парабендерді; төрттік аммоний қоспасын (ТАҚ); және триклокарбан немесе триклозан қолданбаймыз.

*Аталған заттардың кейбіреулерін біз қоршаған ортада күн сайын кездестіреміз, сондықтан да олар күн сайын қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың кең ауқымында, жөргектен бастап ауызсуға дейін, болуы мүмкін.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: