the-pampers-promise-safety-for-your-baby

СІздің Бөбегіңіздің қауіпсіздігі

Біздің кепілдігіміз

50 жылдан астам уақыт ата-аналар бөбектерінің қамын Pampers-ке сеніп тапсырған. Күн сайын біз осы сенімді ақтау үшін және бөбегіңізге қорғаныш пен күтім беретін қауіпсіз әрі жоғары сапалы өнімді дайындау үшін ынтамен жұмыс істейміз.

Жөргектерді жасау кезінде біз тек қауіпсіз және нәзік материаларды ғана қолданамыз

Pampers жөргектері, трусиктері мен сулықтары дерматологтармен сынақтан өткізілген. Оларда қауіпсіздікке мұқият тексерілген құрауыштар қолданылады. Біз өзіміз қолданатын барлық материалдардың қауіпсіздігін растау мақсатында жетекші педиатрлармен және балалар дерматологтарымен бірге ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біздің жөргектеріміз жасалған материалдар күн сайын 25 миллион бөбектің ата-анасы қолданып жүрген көптеген жөргекте қолданылады. Егер осы құрауыштар туралы көбірек білгіңіз келсе, Pampers жөргектеріміз, трусиктер мен сулықтарымыз неден жасалғаны туралы мақаланы оқыңыз.
Біз, ғалымдар мен ата-аналар болған соң, әр құрауыштың қауіпсіздігіне орынды скептицизм тұрғысынан қараймыз. Балалар үшін қауіпсіз емес құрауыштардың бәрі біздің іріктеуімізден өтпейді. Біз оның қауіпсіздігіне күмәндансақ, материалды қолданбаймыз.

Өнімнің қауіпсіздігін анықтау

Біз жетекші дүниежүзілік ұйымдармен белгіленген ең жоғары және қатаң халықаралық қауіпсіздік стандарттарын ұстанамыз. Біз бүкіл дүниежүзі бойынша мемлекеттік реттеу органдары, мысалы, ДДСҰ, ЕО, Қоршаған ортаны қорғау бойынша агенттік және Тағамдық өнімдер мен дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық қадағалау бойынша басқарма сияқтылар қолданатын ғылыми әдісті пайдаланып, әр құрауышты қолданудың қауіпсіз деңгейін анықтаймыз.
Pampers сауда белгісінің және P&G компаниясының 700-ден астам ғалымдар мен денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандар, педиатрлар мен бала дерматологтарымен бірлесіп, өніміміздің барлық халықаралық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.
Сонымен қатар біз тұтынушылар мен қоршаған орта үшін дайын өнімді іс жүзінде пайдаланудың қауіпсіздігін растау үшін олардың барлық құрауыштарының сапасын бағалаймыз. Біз аналарға біздің өнімді іс жүзінде сынауға мүмкіндік беретін ауқымды зерттеулер жүргіземіз, және біздің индустриядан талап етілетін қауіпсіздік стандарттарының, өнім сипаттамалары мен сапасының жоғарғы деңгейін ұстанамыз.

Біз қауіпсіздік пен сапаны мұқият қадағалаймыз

Бөбектерге келгенде қауіпсіздікті біз бәрінен де жоғары қоямыз. Тіпті әзірлеу процессін аяқтағаннан кейін де біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жалғастырамыз. Өндірістік процесстің барлық сатыларында бізде сапаны бақылаудың сенімді жүйелері енгізілген, дүкендердегі сапаға іріктеме тексеру жүргіземіз және біздің өнімді сатып алатын аналар мен әкелерден алынған ескертулер мен сұрақтарға мұқият назар аударамыз. Егер сізде қандай да бір қосымша сұрақтар пайда болса, бізге 8 800 080 50 52 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін: